
БАҚ
11:35, 28 июня 2021 г.
Надежный источник
Бүгін- Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні
БАҚ

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Журналистика – БАҚ құралдарының (интернет, баспа, радио, телевидение, сайт) көмегімен ақпаратты жинау, өңдеу және тарату жұмысы. Журналистиканың ғылыми тәртібі баспаның дүниеге келуімен тікелей жолға қойылған. Ал ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында фото мен киножурналистика өмірге келіп, салаға тың тыныс әкелді. Ізінше 1920-1940 жылдары радио мен тележурналистиканың дәуірі басталды.
Қазақ даласында журналистиканың негізі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қаланды. «Түркістан уәлаятының газеті», «Дала уәлаятының газеті», «Киргизская степная газета», «Қазақстан» газеті, «Айқап» журналы, «Серке» газеті. Жалпыұлттық сипат пен сұранысқа ие болған «Қазақ» газеті жарыққа шыққанға дейін аталған басылымның барлығы бірдей үкімет қысымымен, бірде қаржы тапшылығынан жабылып жатты. «Қазақ журналистикасының атасы» атанған Мұхаметжан Сералиндер де сол тұста еңбек етті.
Тәуелсіз Қазақстан тарихына келер болсақ, елімізде 1991 жылдың 28 маусымында Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заң қабылданды. Бұл заң ел ішіндегі тілшілер қауымының жұмысына тың серпін берді. 2019 жылы Үкіметтің тиісті Қаулысы жарияланып, 28 маусым күні Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі аталып өтетін болды. Әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты қазіргі таңда журналистердің жұмысына да бірқатар өзгеріс енгізілді. Баспасөз мәслихаттарының көбі бүгінгі күні онлайн режимге өткендіктен, газет пен интернет журналистика саласындағы тілшілердің көбі қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшкен. Бүгінгі мерекеге орай еліміздегі тілшілер қауымын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева құттықтап, Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтарды беру туралы Жарлыққа қол қойды.
Тағы да оқыңыздар: Ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:24
Вчера
Лёгких денег не бывает: в Петропавловске задержали молодых закладчиков с крупной партией «спайса»
Борьба с наркобизнесом
17:13
Вчера
Открытый диалог с обществом: прокурор СКО обсудил с Общественным советом проблемы, волнующие жителей региона
Закон и Порядок
16:40
Вчера
Спорт вместо зависимости: в Петропавловске через соревнования молодежи напомнили об опасности наркотиков
Противодействие наркопреступности
14:54
Вчера
Фальшивый начальник — реальные убытки: МВД РК предупредило о новой схеме мошенничества
Защита от интернет-мошенничества
14:00
Вчера
Ночные рабы общепита и «воскресшие» родители: как прошли бурные выходные у подростков Петропавловска
Общественная безопасность
13:06
Вчера
Алкомаркет в гараже: в Петропавловске полицейские изъяли более 130 литров суррогатного алкоголя
Профилактика алкоголизма
12:27
Вчера
Объявления
18:00, 23 июня
12:22, 6 июля
13:36, 10 июля