
жемқорлық
11:56, 3 июля 2021 г.
Надежный источник
Білім бөлімінің мамандары оқушыларға арналған ноутбуктерді ломбардқа өткізген
жемқорлық

СҚО-да аудандық білім бөлімінің экономисті және әдістемелік кабинет меңгерушісі 177 ноутбукті табыс көзіне айналдырған деп хабарлайды 7152.kz тілшісі exk.kz сілтеме жасап.
Өткен жылдың қыркүйек айында Айыртау аудандық білім бөлімі облыстан 746 ноутбук алған. Олар бірінші кезекте қашықтан оқитын аз қамтылған және толық емес отбасылардан шыққан балаларға арналған болатын. Ведомостке сәйкес, техника кейіннен оқушыларға тарату үшін мектеп директорлары арасында бөлінді. Алайда, ноутбуктердің бір бөлігін жергілікті білім бөлімінің екі қызметкері өз пайдалары үшін алып қалыпты.
Брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, мамандар ноутбуктерді Көкшетау қаласына апарып, ломбардқа өткізген. Кейбірін OLX интернет-қосымшасында саудалапты. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын шамамен 28 миллион теңгені құрады.
Аса ірі көлемде ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол бойынша аудандық сот жақында үкім шығарды. Білім бөлімінің екі қызметкері жалпы 14,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, олар мемлекеттік қызметке мүлдем орналаса алмайды.
Тағы да оқыңыздар:5-ші шілдеден карантин шаралары күшейтіледі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Интеллектуальный баттл на площади: в Петропавловске молодежь проверила знания Конституции
Конституция
19:06
10 июля
Северо-Казахстанская область укрепляет сотрудничество с Пекином: новые перспективы для инвестиций и высоких технологий
Соцэконом развитие
15:31
10 июля
Умный город: в Петропавловске расширяют цифровую систему контроля
Послание Президента
14:23
10 июля
Приструнили за 10 дней: в Бесколе СКО массово ликвидируют опасные «заброшки»
Общественная безопасность
13:06
10 июля
ТОП новости
В Петропавловске определят лучших производителей региона: конкурс «Лучший товар Казахстана-2026» пройдет в День города
«Лучший товар Казахстана-2026»
Объявления
18:00, 23 июня