• Главная
  • Биыл облыста 115 ауылды жаңғыртуға 17 млрд теңге жұмсалады
ауылдарды дамыту
18:50, 3 июля 2021 г.
Надежный источник

Биыл облыста 115 ауылды жаңғыртуға 17 млрд теңге жұмсалады

ауылдарды дамыту
Биыл  облыста 115 ауылды жаңғыртуға 17 млрд теңге жұмсалады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов алдағы бес жылда өңір ауылдарын дамытуға қомақты қаражат бөлінетінін жеткізді деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

-Өткен жылмен салыстырғанда облыс қазынасы 25%-ға, яғни 323 млрд теңгеден 406 млрд теңгеге дейін өсті. Жалпы 5 жыл ішінде біздің өңір 500 млрд теңге көлемінде елеулі мөлшерде қолдауға ие болады. Ол ақша түрлі салаларға жұмсалады. Бірақ мақсат жалғыз – солтүстікқазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру. Бұл әсіресе ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасына қатысты. Өңірдің 300 ауылын жаңартуға үлкен қаражат жұмсамақпыз, - деді өңір басшысы.

Әкімнің айтуынша, биыл 100-ден астам ауылда медициналық нысандар мен жолдар, инженерлік инфрақұрылым жөндеуден өтпек.

- Биыл 115 ауылды жаңғыртуға 17 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Ауылдарда мектептер, балабақшалар, дәрігерлік амбулаториялар, кентішілік жолдар мен сумен жабдықтау желілері күрделі жөндеуден өтеді, - деді әкім.

Тағы да оқыңыздар: СҚУ басшылығы вакцина алған студенттер мен қызметкерлеріне арнайы сыйлық береді



Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #брифинг #СҚО әкімі #ауылдарды дамыту
Последние новости
ТОП новости
Международный агрохолдинг Tiryaki Agro построит в СКО крупнейший в Центральной Азии завод по производству растительных масел
Бизнес
Сабантуй без границ: Петропавловск готовится принять один из крупнейших культурных праздников года
Сабантуй
Новые заводы и авиахаб в Петропавловске: делегация СКО привезла из Пекина крупные инвестиционные соглашения
Послание
Без поражений на ковре и с почётом на родной земле: в СКО отметили успехи Ислама Евлоева
Спорт
Объявления