• Главная
  • СҚО полициясында астананың 70-тен астам «құрдасы» жұмыс істейді
СҚО ПД
13:18, 6 июля 2021 г.
Надежный источник

СҚО полициясында астананың 70-тен астам «құрдасы» жұмыс істейді

СҚО ПД
СҚО полициясында астананың 70-тен астам «құрдасы» жұмыс істейді

Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер органдарында астананың 72 құрдасы қызмет атқарады, - деп хабарлайды 7152.kz тілшісі . 

 СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жуырда ғана қызметке кіріскен 23 жастағы полиция қызметкерлері қазір тергеуші, кинолог, жедел уәкілдер болып еңбек жолын бастады. Полиция сержанты Бақытжамал Кутфенова Петропавл қаласы полиция басқармасы жедел басқару орталығында «102» арнасының операторы болып жұмыс істейді. Офицер болсам деп армандайды. Еңбек өтілі бір жарым жыл ғана. Күн сайын полицияға ондаған адам жүгінеді. Күтпеген жағдайлар болып жатады, оператор үшін ең бастысы – жедел көмек көрсетуді сауатты ұйымдастыру.

-Кейде адамдардың тағдыры операторлардың жедел әрі кәсіби іс-қимылдарына тәуелді болып жатады. Бірде әйел адам қоңырау шалып, Петропавлдағы базарлардың біріндегі қызметтік үй-жайда кілттеніп қалғанын айтты. Ол жерге патрульдік полиция батальонының қызметкерлерін жіберуге тура келді, - дейді Бақытжамал. Жас астанада Бақытжамал алғаш рет жеті жасында болған. Ол сапарынан есінде ештеңе қалмапты. Қазір жылда Нұр-Сұлтан қаласына баруды әдетке айнадырған. Барған сайын әсем астананың көркем жерлерімен танысады.

-Барлығын астанамыздың күнімен құттықтаймын. Жиырма шақты жылдың ішінде адам танымастай болып өзгерді. Көпқабатты зәулім үйлер, кең көшелер, жол тораптары, неше түрлі әлеуметтік нысан – тұрғындарға жақсы жағдай жасалған, - дейді елорда «құрдасы» Бақытжамал.

Тағы да оқыңыздар: СҚО «сары» аймақта

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #Астана күні

Комментарии

Объявления
live comments feed...