Демалыс күндері 4 адам суға кетті

Мерекелік демалыс күндері 4 адам суға кетті. Қайғылы оқиға Тайынша, Ғабит Мүсірепов, Есіл және Айыртау аудандарында тіркелді деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Демалыс күндері күннің ыстық болуына байланысты солтүстікқазақстандықтардың көбі өзен-көлдердің жағасына барып демалды. Алайда, қауіпсіздік ережелерін тиісті түрде сақтамаған. Салдарынан 4 адам суға кетті. Қайғылы оқиғалар Тайынша, Ғабит Мүсірепов, Есіл және Айыртау аудандарында орын алды.
-Қайғылы оқиғалардың барлығы да шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде орын алған. Осындай жағдайлардың бірі Есіл ауданында орналасқан жасанды тоғанда болды. Шілденің 3-і Явленка ауылының тұрғыны үйінен кетіп, оралмаған. 1970-ші жылы туған ер адамның денесі шілденің 4-і таңғы сағат 8-де судан табылды. Сонымен қатар шілденің 1-і Ғабит Мүсірепов ауданында немересін құтқарамын деп суға батып кеткен зейнеткердің денесі келесі күні табылды,- деді брифинг барысында СҚО ТЖД маманы Әлібек Борамбаев.
Жалпы суға шомылу маусымы басталғалы бері облыста 14 адам суға кеткен. Соның 3-і кішкентай бала. Қазіргі таңда облыс аумағында 60 өзен мен 2 мыңға жуық көл бар. Оның 50-і ғана шомылуға жарамды.
Комментарии