
СҚО ТЖД
15:24, 8 июля 2021 г.
Надежный источник
Петропавлда өрттен екі адам қаза тапты
СҚО ТЖД

Петропавлда Фурмонов көшесінде 73 мекенжайындағы екі пәтерлі үйдің біреуі отқа оранып екі адам қаза тапты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Жұмысшы кентіндегі Фурмонов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабар төтенше жағдайлар департаменті пультіне таңғы сағат 8:59 түскен. 2 минутта жеткен өрт сөндірушілер оқиға орнынан 1944 жылы туған ер адам мен 1985 жылы туған әйел адамның денесін табады. Құтқарушылар жеткенше 2007 және 2006 жылы туған балалар үйден өздігінен шығып үлгерген.
- Көршілерінің айтуынша таңғы сағат 6-лар шамасында аталмыш үйдің тұрғындары күйіп жатқан құс төсек пен көрпені сөндірмек болған. Алайда толықтай сөндірмей үйлерінің кіре берісіне қоя салған болар. Өйткені өрт дәл осы кіре берістен шыққан. Болжам бойынша от темекі тұқылынан болуы мүмкін, - деді СҚО ТЖД басшысының м.а. Әзімхан Мергасимов.
Бұл үйде өрт осымен екінші рет тіркеліп отыр. 2015 жылы мамандар аталмыш баспананы қызыл жалыннан аман алып қалған болатын. Осы жолы от жапсарлас орналасқан екінші пәтердің төбесін де шарпыған. Қазіргі таңда өрттің шығу салдары мен материалдық шығын көлемі анықталуда. Жалпы жыл басынан Петропавл қаласында тұрғын үйлерде 109 өрт шығып, салдарынан 11 адам қаза тауып, 19 адам жарақаттанған. Оның 3-і бала. 14 млн теңге шығын келді.
Тағы да оқыңыздар: Әділет министрлігі: Міндетті вакцинация Конституция нормаларына сай
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
20:13
Вчера
Как производителям в СКО помогают в рамках проекта «Одно село - один продукт»
Одно село - один продукт
19:31
Вчера
18:54
Вчера
Каждая третья женщина в мире подвергается насилию
Бытовое насилие
16:26
Вчера
Хорошие водоросли против плохого запаха: в Петропавловске горводоканал продолжит применение хлореллы
Горводоканал
14:09
Вчера
Объявления
20:13, 6 декабря
06:52, 3 декабря
32
15:52, 5 декабря
11
live comments feed...
Комментарии