• Главная
  • Борыштарын қайтармаған азаматтар Ресейде жасырынған
СҚО ПД
14:47, 9 июля 2021 г.

Борыштарын қайтармаған азаматтар Ресейде жасырынған

СҚО ПД
Борыштарын қайтармаған азаматтар Ресейде жасырынған

Көші-қон қызметінің мамандары  бірнеше күн ішінде алимент төлемеген үш солтүстікқазақстандықты көрші елден тапты. Олар осы уақыт ішінде Ресчей Федерациясында жасырынып жүрген, деп хабарлайды  7152.kz тілшісі.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары қызметкерлерімен  бірлесе, іздеуде жүрген үш борышкер де анықталды. Мысалы, бір әйел 7 жыл іздеуде болған. Өңірдің 54 жастағы тұрғыны банкке екі миллион теңгеден астам қарыз болып, Омбыда жасырынған.

Екінші борышкер Тольятти қаласынан табылды. 42 жастағы ер адам Ғабит Мүсірепов  ауданның тұрғынынан шамамен 500 мың теңге қарызға алыпты. Бірақ, қайтармаған.  Сондықтан мемлекетаралық іздеуде болды.

Үшінші борышкер болса, алысқа бармай Түмен қаласына кеткен екен. 

Қарызды ерт ме, кеш пе қайтару керектігін есте ұстаған жөн. Іздеу жарияланған кезде олардың бағдарлары бүкіл елге таралады, ал Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарымен өзара іс-қимыл туралы халықаралық келісім аясында төлем жасамайтындарды анықтау туралы өтініштер  жіберіледі.

Тағы да оқыңыздар: Ресейге «Путешествую без COVID-19» бағдарламасы арқылы өтуге болады

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #көші-қон #борышкер #іздеу жарияланғандар анықталды

Комментарии

Объявления
live comments feed...