
ауыл әкімдерінің сайлауы
14:46, 12 июля 2021 г.
Надежный источник
Ауыл әкімі болғысы келетіндердің басым бөлігі өзін-өзі ұсынғандар
ауыл әкімдерінің сайлауы

25-ші шілде күні облыста бір қаланың және 70 ауылдың әкімі сайланады. Бұл саяси науқанға 237 адам тіркелді, оның 163-і - өзін-өзі ұсынғандар, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
СҚО сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскиннің айтуынша, ауыл әкімдерінің сайлауына түсуге 237 кандидат тіркелсе, соның 74-і саяси партиялардан, 163 адам – өзін-өзі ұсынушы. Бір орынға шамамен 3 адам таласпақ.
- 237 кандидаттың құжаттары уәкілетті органдармен заңдылыққа тексерілді, олардың 223-інің құжаттары сәйкес келеді. Тексерістің қорытындысы бойынша 14 кандидатқа әрі қарай сайлауға қатысуға рұқсат берілмеді. Жалпы 237 кандидаттың 70-і – әйел, бұл барлық кандидаттардың 29,5 %-ы. 110 кандидат – мемлекеттік қызметші, соның ішінде 43-і ауыл әкімі болып жұмыс істейді. 13-і – коммерциялық құрылымның өкілі, 88-і – бюджеттік ұйымның қызметкерлері, 6-уы – уақытша жұмыс істемейді, - дейді Тілеген Қаскин.
Кандидаттардың біреуі - «Болашақтың» түлегі. Сондай-ақ кандидаттардың ішінде экономистер, заңгерлер, ұстаздар, ауыл шаруашылығы қызметкерлері бар. Сайланушылардың орташа жасы – 41. Ең жасы – 27-де болса, ең ересегі – 62-де. Мамлютка қаласында сайлаушылардың ең көп саны тіркелді. Яғни, 5366 адам дауыс беруге дайын. Ал ең азы- Тимирязев ауданына қарасты Дзержинский ауылдық округінде. Алдағы сайлауда алғаш рет 18 жасқа толған 280 сайлаушы дауыс бере алады
-Өңірде екі кандидаттан аз ауылдық округ жоқ. Әлі кандидаттар тіркеліп жатыр. Бұл процесс 14 шілде, сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Тіркеу аяқталғаннан кейін кандидаттар үгіт-насихат жұмысын бастайды. Ол 24 шілдеге дейін жалғасады, - дейді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:42
Вчера
17:56
Вчера
17:15
Вчера
16:38
Вчера
Объявления
12:26, Вчера
19:37, 3 мая
12:57, 5 мая
live comments feed...
Комментарии