• Главная
  • Құрбан айт қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Құрбан айт
14:55, 14 июля 2021 г.
Надежный источник

Құрбан айт қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Құрбан айт
 Құрбан айт қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев Құрбан айт мерекесіне орай қазақстандықтарға үндеу жасады деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

-Құрбан айттың көптеген азаматымыз үшін маңызы зор және біз діни нанымдағы жандардың сезімдеріне зор құрметпен қараймыз. Алайда пандемия халықтың денсаулығына қауіп төндіреді. Қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша барлық қоғамдық іс-шараларды атап өту шектелген. Біз қалыптасқан жағдайда азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы бірінші орында екенін түсінуге тиіспіз, - делінген үнеуде.

Комитеттің ресми өкілі осыған байланысты барша қазақстандықтарды жағдайға түсіністікпен қарап, Құрбан айт қарсаңында шағын отбасылық шеңберде мерекелік іс-шаралар өткізуге, барлық байланыстарды азайтуға, бұқаралық іс-шараларды, адамдар көп жиналатын рәсімдер ұйымдастырмауға және ондай шараларға бармауға кеңес береді. 

- Биыл екінші жыл қатарынан қазақстандықтар құрбандық шалу рәсімін онлайн форматта жасай алады. Ол үшін qurban 2021.kz сайтында өтінім қалдыру қажет. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты құрбандық еті мұқтаждар арасында толығымен таратылады. Сонымен қатар, карантиндік талаптарды қатаң сақтауға, бетперде тағуға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, қолды жиі өңдеуге, адамдар көп жиналатын орындарға бармауға шақырамыз, - дейді Ержан Байтанаев.

Тағы да оқыңыздар: 15 шілдеден бастап қызметкерлер мен жұмыс берушілердің вакцинация мәртебесі тексерілмейді

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #вакцинация #COVID-2019 #Құрбан айт

Комментарии

Объявления
live comments feed...