• Главная
  • Петропавлда жылыту маусымына дайындық басталды
жылыту маусымы
16:20, 15 июля 2021 г.
Надежный источник

Петропавлда жылыту маусымына дайындық басталды

жылыту маусымы
Петропавлда жылыту маусымына дайындық басталды

Петропавлда 165 көпқабатты үй жылыту маусымына дайын, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Облыс орталығында барлығы 1106 көпқабатты үй бар. 2020-2021 жылы  солардың 167-де пәтерлер суық болған. Мұндай ақпаратты тұрғындар  Петропавл қалалық тұрғын үй инпекциясы мен Айкөмек орталығына хабарлап айтқан.  

Тексеріс кезінде баспаналарда температураның төмен болуының бірнеше себебін анықтаған. Олардың арасында жиі кездесетіні құбырлардың алдын ала жуып шайылмағандығы, жылыту жүйесінде техникалық ақаулардың болуы және жылу желілеріне зақым келген. 1 шілдеден бастап 500-ге тарта  пәтер иелері кооперативтеріне күзгі-қысқы кезеңге алдын ала дайындалу туралы хабарлама таратылған. Қазіргі уақытта 165 үй алдағы жылыту маусымына дайын  деген құжаттарға ие.  

Жылыту маусымы әр жылы әртүрлі басталады. Ауа райына байланысты Петропавл қаласы әкімінің қаулысы  жарияланады. Қазіргі кезде  бірнеше жыл қатарынан тексерістен өтпеген үйлердің тізімін жасап, солармен жұмыс жүргізіп жатырмыз.  ПИК төрағаларымен, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын өткізудеміз,- деді қалалық тұрғын үй инспекциясының бөлім басшысы Аслан Ілиясов.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #жылыту маусымы #қалалық әкімдік

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...