• Главная
  • Облыста ауыл әкімдерінің сайлауына 218 кандидат түседі
ауыл әкімдерінің сайлауы
18:55, 15 июля 2021 г.

Облыста ауыл әкімдерінің сайлауына 218 кандидат түседі

ауыл әкімдерінің сайлауы
Облыста ауыл әкімдерінің сайлауына 218 кандидат түседі

Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округ әкімдерін сайлау 25-ші шілде өтеді.  Осы ретте үміткерлерді тіркеу аяқталды. 3 жерлесіміз Мамлют қаласына қалған 215 адам  70 ауылға әкім болуға ниетті, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Сайлауға қатысам деушілердің 68-і түрлі саяси партиялардан. Қалған 150 солтүстікқазақстандық өзін-өзі ұсынды. Кандидаттардың ең көп саны Қызылжар ауданы Бугровое сайлау округінде тіркелген. 5 кандидат. 4 кандидат  облыстың 3 сайлау округінде тіркелді. Ол Есіл ауданының Бұлақ округінде, Қызылжар ауданының Соколов округінде, Тайынша ауданының Зеленый Гай округінде. Тіркелген кандидаттардың 70-і әйел.

Өзін-өзі ұсынған 150 үміткер қажетті қол жинап, сайлау округіндегі сайлаушылардың қолдауына ие болды. Тіркелген 218 азаматтың барлығы да мемлекеттік кірістер органдарына активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырды және ең төменгі жалақы – 42500 теңге мөлшерінде сайлау жарнасын енгізді.

-Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес 14-ші шілдедегі сағат 18:00-ден кейін үгіт басталды. Ол 24-ші шілдеге дейін саған 00:00-ге дейін жалғасады. Сайлау туралы Конституциялық Заңының 28-ші бабына сәйкес үгіттік материалдар орналастыру үшін 80 арнайы орын бөлінді,- деді брифингте СҚО сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскин. 

Мұнымен қоса,аумақтық сайлау комиссиялары үміткерлерге сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге көмектесетін 356 сенім білдірген адамды тіркеді. Шілденің 24-і үнсіздік күні жарияланады. Ал ,25-і аудандық маңызы бар қала және ауылдық округ әкімдерінің сайлау өтеді.

Тағы да оқыңыздар: Жаңа қаулы:Міндетті вакцина салдыру мерзімі бекітілді

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #ауыл әкімдерінің сайлауы #Сайлау-2021

Комментарии

Объявления
live comments feed...