Құрбан айт
17:10, 16 июля 2021 г.
Надежный источник

Құрбан айт - 2021

Құрбан айт
Құрбан айт - 2021

Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі  20, 21, 22 шілде күндеріне сәйкес келеді. Осы жылы да эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбандық шалу мен мұқтаж жандардан өтініш алу қашықтан жүзеге асырылмақ. Облыс бойынша былтырғы жылдағыдай Qurban2021.kz сайты арқылы құрбан шалуға ниет еткен азаматтар тапсырыс бере алады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбандық екінші жыл қатарынан қашықтан шалынады. Оған Жұмысшы кентінде арнайы орын қарастырылады. Құрбандық шалушылар өтінішін qurban2021.kz сайтында шілденің 22-не дейін тапсырып үлгеруі қажет.

-Бұл жобаның мақсаты- қайырымдылққа дәнекер болу, халықтың денсаулығы мен өміріне төнген қауіпті сейілтуге үлес қосу, құрбан шалуға ниет білдірген жандарға карантин жағдайында оңтайлы жол болып саналады. Сонымен қатар, карантин жағдайында қалада тұрып жатқан азаматтар үшін қашықтықтан өз атынан құрбан шалуға тапсырыс беру оңтайлы шешім. Онлайн түрде,- деді брифингте облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай Дүйсенбай.

Өңір мешіттерінде шілденің 20-ы күні таңғы 7-де құрбан айт намазы оқылатын болады. Барлық санитарлық талап қатаң сақталуы керек.

-Осы ретте тек тапсырыс берумен қатар, мұқтаж отбасылардың құрбандық етін алу үшін өтініш беруіне болады.Өзі жеке құрбан шалған жандар мешітіміздің еріктілері арқылы мұқтаж жандарға құрбан етін үлестіруге де мүмкіндік қарастырылған.Құрбан шалу рәсіміне қатысты биыл қойдың бағасы 65 000 мың, ірі қара 350 000 мың деп бекітіліп сол бағаға қасапшының ақысы, басының үйітілуі толықтай қамтылған,- деп нақтылады облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Аян Алыпқашев. 

Айта кетейік, ауылдық жерде жеке тұрғын үйде тұратын әр адамның құрбан шалуына ҚМДБ тарапынан ешқандай шектеу болмайды.

Тағы да оқыңыздар: Облыста 90 жылға жуық тарихы бар колледж жабылды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #карантин #Құрбан айт

Комментарии

Объявления
live comments feed...