
үндеу
18:30, 19 июля 2021 г.
Надежный источник
Президент коронавирустың таралуына байланысты халыққа үндеу жасады
үндеу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметінің Twitter парақшасына сілтеме жасап.
-Коронавирустың жаңа толқыны ең жойқын болып отыр. Соңғы күндері жүздеген азаматымыздан айырылып қалдық. Әр өңірде ауруханаға түскен науқастардың саны күрт көбейді. Жансақтау бөлімдерінің барлығы іске қосылды. Қосымша дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық сатып алынды, - дейді президент.
Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарына үндеу жасап, денсаулықты сақтауға шақырды. -Еліміздің әр азаматына айтарым: денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар! Ал, Үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруға тиіс, - дейді мемлекет басшысы.
Осыған дейін президент елде коронавирус жұқтырғандар санының күрт өскенін айтқан болатын. Мемлекет басшысының сөзінше, қазір алда тұрған мақсат - адам өмірін сақтап қалу. Ал оның бір ғана жолы – жаппай вакцинация.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:45
Вчера
17:35
Вчера
16:00
Вчера
15:08
Вчера
13:24
Вчера
4 ноября в календаре: от народного единства до сладких праздников и загадок древнего Египта
Какой сегодня день
12:33
Вчера
Цифровизация по-североказахстански: как регион воплощает в жизнь поручения президента
Послание Президента
12:00
Вчера
ТОП новости
Объявления
05:15, 23 октября
13:36, 1 ноября
18:00, 23 июня