• Главная
  • Демалыс күндері карантин талаптары күшейтіледі
карантин
19:15, 23 июля 2021 г.
Надежный источник

Демалыс күндері карантин талаптары күшейтіледі

карантин
Демалыс күндері карантин талаптары күшейтіледі

Өңірде эпидахуалдың күрделене түсуіне орай 26 шілдеден бастап шектеу шаралары қатаңдатылады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, 26 шілдеден бастап облыс аумағында бірқатар шектеу шаралары енгізіледі. Бұл жолы сенбі-жексенбі күндері сауда, ойын-сауық орталықтарының, азық-түлік сататын жабық базарлардан басқасы, сауналар, спорттық кешендер, бассейндер және сауықтыру, фитнес орталықтарының жұмысына шектеу қойылады.

«Ashyq» бағдарламасына қатыспайтын мәдениет нысандары, театр мен кинотеатрлардың, филармониялар мен концерт залдарының жұмысы тоқтатылады. Ал бағдарламаны енгізген нысандарға 30 % сыйымдылықпен жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Сондай-ақ аумағы 2 мың шаршы метрден асатын сауда орындарының жұмыс кестесі таңетеңгі сағат 9.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін қысқартылады. Олар да 50 % сыйымдылықпен келушілерді қабылдай алады.  Халыққа қызмет көрсететін нысандар 80 % сыйымдылықпен жұмыс істей алады. Медициналық орталықтар мен стоматология кабинеттеріне алдын ала жазылу керек. Сонда ғана олардың жұмысына рұқсат етіледі. Спорттық шараларды көрермендермен өткізуге тыйым салынады. 

Тағы да оқыңыздар: Ақтөбелік жігіт Петропавлда есірткі таратқан

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #карантин #жаңа қаулы
Последние новости
ТОП новости
Жители СКО пожаловались главе региона на плохие дороги и отсутствие условий для развития сельских ребятишек
Прием граждан
ЦОН №3 в Петропавловске временно прекратит работу: обслуживание переведут в другой центр
ЦОН
Чистый берег — общее дело: североказахстанцы поддержали экологическую инициативу «Таза Қазақстан»
Таза Казакстан
В приюте Исакова в Петропавловске реализуют масштабный проект по стерилизации животных
Защита животных
Объявления