• Главная
  • Обыста 218 елдімекенде ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр
ауыл әкімдерінің сайлауы
10:20, 25 июля 2021 г.
Надежный источник

Обыста 218 елдімекенде ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр

ауыл әкімдерінің сайлауы
Обыста 218 елдімекенде ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр

Бүгін Қазақстанның тарихында тұңғыш рет ауыл,  ауылдық округ және аудандық маңыздағы қала әкімдерінің сайлауы өтеді, деп хабарлайды 7152.kzтілшісі.

2021 жылдан бастап ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында тапсырма берілген болатын. Сайлау туралы заңнамаға енгізілген толықтырулар мен түзетулердің арқасында ауыл әкімдерінің сайлауына түскісі келетін үміткерге өз-өзін ұсыну мүмкіндігі берілді. Өз үміткерлерін ұсынған партиялардың атынан қатысатын байқаушылардан бөлек, «Партиялық емес бақылаушылар орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі де дауыс беру процесінің әділ өтуін қадағаламақшы.

Облыста әкімдерді сайлау аудандық маңызы бар Мамлютка қаласында және облыстың 70 ауылдық округте өтуде. 2021 жылғы 25 шілдеде сағат 07.00-дегі жағдай бойынша барлық 174 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Барлық учаскелерде сайлау комиссиялары толық құрамда жұмыс істейді.

Облыс бойынша 214 адам ауыл әкімі болуға кандидат. Үш округте бір орынға 2 үміткерден, 64 округте – 3 кандидаттан және төрт округте – 4 үміткер еңгізілді. Сайлау облыстың 218 елді мекенінде өтуде.Сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 22.00-де ұсынылады.

Сайлау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде бүгінгі күннің қорытындысы шығарылуы керек. Жеті күн ішінде сайланған әкімді тіркеу жүзеге асырылады. Бұл ретте сайланған әкімнің өкілеттігі оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.

Тағы да оқыңыздар: СҚО-ның жаңа туристік логотипі бекітілді

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #сайлау-2021 #ауыл әкімдерін сайлау

Комментарии

Объявления
live comments feed...