• Главная
  • 33 жастағы жігіт құрылыс алаңынан жабдықтарды ұрлап кеткен
СҚО ПД
12:45, 28 июля 2021 г.

33 жастағы жігіт құрылыс алаңынан жабдықтарды ұрлап кеткен

СҚО ПД
33 жастағы жігіт құрылыс алаңынан жабдықтарды ұрлап кеткен

33 жастағы петропавлдық жігіт қала маңындағы салынып жатқан үйден құрлысқа қажетті материалдарды ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі. Polisia.kz сайтыны сілтеме жасап.

Қызылжар ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Пригородный ауылында салынып жатқан үйден құрылыс материалдарының ұрлау фактісін ашты.

Қызылжар ауданы ПБ кезекші бөліміне Тепличное ауылында салынып жатқан баспанадан құрылысқа қажетті құрал-жабдықтардың ұрланғаны туралы арыз түседі.  Ұры үйге терезе арқылы кірген. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде  33 жастағы облыс орталығының тұрғынын ұрлық жасады деген күдікпен ұстады.

Жігіт ұрлыққа бармай тұрып, бірнеше күн бұрын сол елдімекенде  алкоголь ішіп, ауылда қыдырыпты. Көшелерді аралай жүріп, құрылысы жүріп жатқан үйге назар аударады. Ол баспананың күзетсіз екеніне көз жеткізіп, түнде ұрлыққа түседі. Оның айтуынша, ұрланған заттарды  Петропавлға жалданған көлікпен алып кеткен. Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты келу міндеттемесі түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Тағы да оқыңыздар: Ресейде құс тұмауының өршуіне байланысты СҚО-да алдын алу жұмыстарын жүргізіліп жатыр

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #ұрлық #құрылыс материалдарын ұрлады

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...