• Главная
  • Облыс шаруашылықтарында зиянкес шабындық көбелегі көбейді
ФИТОСАНИТАРИЯ
11:15, 4 августа 2021 г.
Надежный источник

Облыс шаруашылықтарында зиянкес шабындық көбелегі көбейді

ФИТОСАНИТАРИЯ
Облыс шаруашылықтарында зиянкес шабындық көбелегі көбейді

Солтүстік Қазақстан облысында фитосанитарлық диагностика және болжамдар орталығының филиалы 7 млн астам алқапқа мониторинг жүргізді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыста арам шөптер мен зиянкестердің 7 түрі бойынша алқаптарға мониторинг жүргізіледі. Облыстық фитосанитарлық диагностика және болжамдар орталығы биыл жоспар бойынша 10 млн астам га тексеруі қажет. Соның жартысына жуығы аса қауіпті зиянкестер бойынша, шамамен 286 мың карантиндік нысандар, яғни арам шөптер бойынша, 2 млн га жуығы қауіпті зиянкестер бойынша. Бұдан басқа аса қауіпті зиянкестер бойынша 3 млн га жуық алқап жүйелі түрде мамандардың бақылауына алынған.

-Бүгінге дейін 7 млн га мониторинг зерттеуі жүргізілді. Екі айға созылған қуаңшылық зиянкестер мен арам шөптің таралуына да әсер етті. Биыл септориоз біз болжағаннан екі есе аз. Әдетте ол жаңбырлы жазда көп болады. Биыл бірқатар шаруашылықтарда шабындық көбелегі пайда болды. Бізге Ресейден ұшып келіп жатыр деген болжам бар. Ресейдің көрші Түмен, Омбы, Қорған облыстарымен әріптестік байланыс орнатқанбыз. Карантиндік шектеулерге дейін бірге мониторингтік зерттеулер жүргізіп келдік. Оларға шабындық көбелегі былтыр Алтай өңірінен, Новосібір жақтан келіпті. Биыл зиянкестердің бірінші буыны өте көп болған. Көбелегі өсімдік шірнесін ғана жесе, жұлдызқұрттары талғамайды, бәрін жей береді, сондықтан олардан қауіп жоғары, - дейді «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ СҚО филиалының жетекшісі Қабиден Сәдуақасов.

Мониторингтік зерттеудің қорытындысы бойынша биыл шаруашылықтарға 350-ден астам ескерту хабарламасы жіберілген.

-Укекіре деген шөп бар, ұсақ малдан басқасы жемейді. Осы арам шөп бойынша шаруашылықтарға - 37, септориоз бойынша - 17 және шабындық көбелегі бойынша 53 ескерту хабарламасын бердік. Зиянкестерге жүйелі түрде бақылау жүргізу үшін белгілі бір шаруашылықтарды негізге аламыз. Сол жерде зиянкестерді кезең-кезең бойынша бақылап отырамыз. Шілденің басында шабындық көбелегінің екінші буын шатырқанаттары ұшты. Қазір олардың жұлдызқұрттары шыға бастайды. Біздің мақсатымыз – шаруашылықтарды ескерту, болжау, - дейді Қабиден Сәдуақасов.

СҚО-да фитосанитарлық диагностика және болжамдар орталығының филиалдары барлық 13 ауданда бар. Алайда жұмыс істейтін мамандар тапшы, орташа еңбекақы 70 мың теңге шамасында ғана болғандықтан қызметкерлер тұрақтамайды екен.

Тағы да оқыңыздар: Алдағы оқу жылында мектеп формасын кию міндетті ма?



Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #фитосанитария #зиянкестер

Комментарии

Объявления
live comments feed...