• Главная
  • Полицейлер педофилді іздестіруде
СҚО ПД
23:27, 4 августа 2021 г.
Надежный источник

Полицейлер педофилді іздестіруде

СҚО ПД
Полицейлер педофилді іздестіруде

Облыс орталығында кешеден бері екі бала педофилдедің құрбаны болды. Полицейлер 9 жастағы балаға зорлық көсеткен күдіктіні ұстады. Ал,13 жасар қызды зорлаған ер адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 тамыз күні 9 жастағы балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен облыс орталығының бұрын сотталған тұрғыны ұсталды. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Факті «Жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Ал екінші оқиға бүгін,4 тамыз күні болған.  WhatsApp желісінде педофилдің жас қызды зорлағандығы жайында жазбалар тарады. Қала тұрғындарының айтуынша, оқиға Петропавлдағы Мещан орманында, тубдиспансердің маңында болған. 13 жастағы қызға зорлық жасаған ер адам оқиға орнынан қашып кеткен. Полицейлер бұл оқиғаны да растады. Факті ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта кінәлі тұлғаны анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары ата-аналарды аса сақ болып, балаларын қараусыз қалдырмауды ескертті. Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл қылмыстар СҚО ПД-нің және облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында.

Тағы да оқыңыздар: Аshyq-қа қосылмаған нысандар сенбі-жексенбі жұмыс істей алмайды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #бала золау#педофил іздестірілуде

Комментарии

Объявления
live comments feed...