• Главная
  • Облыста жыл басынан интернет-алаяқтықтың 300-ден астам фактісі тіркелді
СҚО ПД
17:30, 6 августа 2021 г.
Надежный источник

Облыста жыл басынан интернет-алаяқтықтың 300-ден астам фактісі тіркелді

СҚО ПД
Облыста жыл басынан интернет-алаяқтықтың 300-ден астам фактісі тіркелді

Биыл жеті айдың ішінде криминалдық полиция қызметкерлерімен 637 хабарландыру тексерілді, оның 61-і сайт әкімгері арқылы бұғатталды. Жалпы, облыста жыл басынан интернет-алаяқтықтың 300-ден астам фактісі тіркелді, оның 81-і ашылды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Облыс полицейлері интернет-алаяқтықты ескерту бойынша ресми instagram-аккаунттарын ашты. Алаяқтықты ескерту және ашу желісі бойынша жұмыс істейтін жедел уәкілдердің ресми аккаунттары Cyberpolice_sko және Anti_fraud_15  деп аталады. Полицейлер пабликтер ленталарына ұсынымдар, жадынамалар мен жалған аккаунттар туралы ақпараттар, сондай-ақ профилактикалық бейнероликтер орналастырып тұрады.

– Егер сіз хабарландырулар сайты арқылы тауар алғыңыз келсе – тауардың тұрған жері туралы ақпаратты жақсылап тексеріңіз, сатушыдан тауарға бейнешолу жасауын талап етіңіз. Егер сіз өзіңіз OLX сайты арқылы қандай да бір зат сатып жатсаңыз және сізге сатып алушы байланысқа шығып, «жеткізу қызметі» арқылы тауарды сатып алуға дайын екендігін айтса, сенбеңіз, аталған сайтта мұндай қызмет түрі көрсетілмейді- дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Виталий Подчернин

Алаяқтардың мақсаты – сіздің жеке деректеріңізге қол жеткізу: банк картасының сыртында орналасқан карта нөмірі, CVV-кодты білу. Егер сізге хабарласып, өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, сіздің атыңызға несие ресімделгенін айтса – бұл алаяқ; сөйлесуді доғарып, өз банкіңіздің «қауырт желісіне» хабарласыңыз, деп кеңес береді полицейлер. 

Солтүстікқазақстандықтарды көбіне «Колеса», «Крыша», OLX және Instagram танымал сайттарын пайдалану арқылы алдап жатады. Биыл жеті айдың ішінде криминалдық полиция қызметкерлерімен 637 хабарландыру тексерілді, оның 61-і сайт әкімгері арқылы бұғатталды. Жалпы, облыста жыл басынан интернет-алаяқтықтың 300-ден астам фактісі тіркелді, оның 81-і ашылды.

Тағы да оқыңыздар:12 жастағы бала суға кетті

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #алаяқтық

Комментарии

Объявления
live comments feed...