• Главная
  • COVID-2019: Ресей мен Үндістанда КВИ-ден көз жұмғандар саны өсті
COVID-2019
19:17, 8 августа 2021 г.
Надежный источник

COVID-2019: Ресей мен Үндістанда КВИ-ден көз жұмғандар саны өсті

COVID-2019
COVID-2019: Ресей мен Үндістанда КВИ-ден көз жұмғандар саны өсті

Үндістанда бір тәулікте коронавирустық инфекциядан 500-ге жуық адам көз жұмды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі baq.kz сілтеме жасап.

Онда COVID-19 жұқтырудың тағы 39 070 жағдайы анықталды. КВИ фактілерінің жалпы саны 31 934 455-ке дейін жетті. Осы уақытқа дейін COVID-19 індеті елде 427 862 адамның өмірін қиды. Қазіргі уақытта Үндістанда ауруханалардың қарқынды терапия палаталарында 406 822 азамат ем қабылдауда. Ауру жұқтырғандардың 43 910-ы сауығып ауруханалардан шығарылды.

Ресейде тәулігіне 22 866 жаңа COVID-19 жұқтыру дерегі тіркеліп, 787 адам қайтыс болды. Мұндай мәліметтерді Ресейдің коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы жедел штабы жариялады. Ең көп факті Мәскеуде (2 761), Санкт-Петербургте (1 907) және Мәскеу облысында (1 527) анықталды. Жалпы пандемия басталғаннан бері Ресейде 6 447 750 COVID-19 және 164 881 адам қазасы тіркелді. 18 қаңтардан бастап Ресейде COVID-19-ға қарсы ауқымды вакцинация жүргізілуде.Қазіргі уақытта елде коронавирусқа қарсы төрт вакцина тіркелген: «Спутник V», «Спутник Light», «ЭпиВакКорона» және «КовиВак».

Айта кетейік, 8 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 111 239 адам коронавирус инфекциясынан (–107 348 + және 3 891 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 633 пациент стационарда, 80 606 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:1 918 адамның жағдайы ауыр, 405 пациенттің жағдайы өте ауыр, 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр,122 науқас қайтыс болды.

Тағы да оқыңыздар:Облыста жыл басынан интернет-алаяқтықтың 300-ден астам фактісі тіркелді

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #карантин #COVID-2019#әлем

Комментарии

Объявления
live comments feed...