• Главная
  • 1-ші сынып оқушыларына Әліппе салтанатты түрде табысталады
БІЛІМ БЕРУ
12:10, 11 августа 2021 г.
Надежный источник

1-ші сынып оқушыларына Әліппе салтанатты түрде табысталады

БІЛІМ БЕРУ
1-ші сынып оқушыларына Әліппе салтанатты түрде табысталады

1 қыркүйекте мектептерде салтанатты шаралар дәстүрлі форматта ұйымдастырылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

-1 қыркүйекте болатын Білім күні салтанатты іс-шарасы дәстүрлі форматта, мектеп аумағында 1-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады. Оларға салтанатты түрде алғашқы оқулығы Әліппе табысталады. Ал 2 мен 11-сынып оқушылары тікелей бекітілген кабинеттерге барып, сонда тақырыптық сынып сағаттарына қатысатын болады, - деді Асхат Аймағамбетов.

Қызметкерлер мен білім алушыларға маска кию міндетті. Студенттер, педагогтар мен басқа да қызметкерлер ғимаратқа «Ashyq» жүйесі арқылы кіргізіледі.

-Жаңа оқу жылында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау үшін арнайы санитарлық іс-шаралар қабылданады. Барлық мектептер, колледждер мен университеттердегі қызметкерлер мен білім алушыларға маска киюге міндетті болады. Барлық білім беру ұйымдарында күнделікті термометрия, желдету, кварцтеу, дезинфекциялау іс-шаралары жүргізілетін болады, - деді министр. 

Тағы да оқыңыздар: Sinopharm Қытай вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға келді

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #білім беру #қашықтан оқу
Последние новости
ТОП новости
Жители СКО пожаловались главе региона на плохие дороги и отсутствие условий для развития сельских ребятишек
Прием граждан
ЦОН №3 в Петропавловске временно прекратит работу: обслуживание переведут в другой центр
ЦОН
Чистый берег — общее дело: североказахстанцы поддержали экологическую инициативу «Таза Қазақстан»
Таза Казакстан
В приюте Исакова в Петропавловске реализуют масштабный проект по стерилизации животных
Защита животных
Объявления