• Главная
  • Петропавлда «Маслодел» сүт зауытының жаңа желісі іске қосылды
ӨНЕРКӘСІП
19:15, 12 августа 2021 г.
Надежный источник

Петропавлда «Маслодел» сүт зауытының жаңа желісі іске қосылды

ӨНЕРКӘСІП
Петропавлда «Маслодел» сүт зауытының жаңа желісі іске қосылды
Жаңа желіні іске қосылғаны жайында облыс әкімі өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды 7152.kz. тілшісі.
Кәсіпорын 4,8 млрд.теңгеге үлкен жаңғырту жүргізіп, өндірісін кеңейткен. 
-Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 87 мыңнан 119 мың тоннаға дейін өсті. Сүт өнімдерінің 15 жаңа түрі шығарылады. Швецияның заманауи «Tetra Pak» қондырғысы орнатылды,- деп жазды Құмар Іргебайұлы.
Сонымен қатар, кәсіпорында 85 жаңа жұмыс орны ашылыпты. Өңір басшысының айтуынша, облыста сүтті қайта өңдеу саласы дамып келеді. Өткен жылы облыс 600 мың тоннаға жуық сүт өндіріпті.
-Сүт өндірісі – табысты кәсіп көзі, ауыл тұрғындарын жыл бойына жұмыспен қамтамасыз етеді. 5 жылда облыстың сүт шаруашылығында 400-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Жыл сайын бюджетке 500 миллион теңгеден астам салық түседі. Бес жылда сүтті өңдеу үлесі 34%-тен 53%-ке, немесе 180 мыңнан 319 мың тоннаға дейін өсті. Біздің сүт зауыттары үнемі шикізатпен қамтамасыз етілген. Қазірдің өзінде 12 сүт фермасы ашылды. Тағы 16 сүт кешені салынуда, 10-ы жыл соңына дейін іске қосылады,-деп жазған облыс әкімі.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #облыс әкімі #сүт өндірісі#Маслодел

Комментарии

Объявления
live comments feed...