• Главная
  • Тамыз айында мектеп жасындағы 128 бала коронавирус жұқтырды
COVID-2019
22:05, 13 августа 2021 г.
Надежный источник

Тамыз айында мектеп жасындағы 128 бала коронавирус жұқтырды

COVID-2019
Тамыз айында  мектеп жасындағы 128 бала коронавирус жұқтырды

Облыста  коронавирус жұқтырған бала саны маусым айына  қарағанда шілдеде 8,5 есе өскен. Бұл туралы СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстағы коронавирустың таралуы бойынша брифингте мәлім болды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Мамандар бұл инфекцияны балалардың да көптеп жұқтырып жатқанын айтты. Жалпы індет басталғалы 839 бала ауырса, биылғы маусымға қарағанда шілде айында жұқтырғандар саны 8,5 есе артқан. Сондай-ақ стационарларға ауырып түсетін балалар саны 4 есе көбейген.

-Осы уақытқа дейін 621 бала тәуір болды. Қазір 218 бала дәрігерлердің бақылауында. Олардың 22-сі стационарда ем алып жатыр, жағдайлары орташа. Бұрын балаларда коронавирустың белгілері көбінесе болмайтын немесе жеңіл өтетін. Қазір олардың да дене қызуы көтеріледі, өкпелері қабынып, демалулары қиындап, бізге интоксикациямен түседі, - дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов.

Маманның айтуынша, облыс бойынша қазір 196 бала амбулаторлық ем алып жатыр. Тамыз айында мектеп оқушылары арасында 128 жағдай тіркеліп отыр.

Тағы да оқыңыздар: Қытайлық Vero Cell препаратымен вакциналауға қатысты жаңа қаулы шықты



Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #карантин #COVID-2019#вакцинация

Комментарии

Объявления
live comments feed...