• Главная
  • Аса ірі көлемде есірткі сақтаған жігіт үш жылға сотталды
ЕСІРТКІ САУДАСЫ
17:00, 18 августа 2021 г.
Надежный источник

Аса ірі көлемде есірткі сақтаған жігіт үш жылға сотталды

ЕСІРТКІ САУДАСЫ
Аса ірі көлемде есірткі сақтаған жігіт үш жылға сотталды

Петропавлда ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтаған 22 жастағы жігітке қатысты сот үкімі шықты депм хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Тергеу жұмыстары үш ай бойы жүргізілген. Петропавл қалалық сотының үкімімен ер адам ҚР қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша үш жылға сотталды.

ПолицейлергеПетропавл қаласының 22 жастағы тұрғыны есірткі сататын интернет-дүкендердің бірінің «таратушысы» болып табылуы мүмкін деген ақпарат түседі. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ақпарат расталды. Жігіт Крылов көшесі бойындағы үйлердің бірінен ұсталды. Ол есірткілік масаң күйде болған. Орамалар, зип-лок пакеттер, пластикалық ыдыстар, таразы, өлшеу қасықтары, бастысы қызғылт және сарғылт түсті зат – барлығы алынып, сараптамаға жіберілді. Алынған заттың жалпы салмағы 20 грамдай.Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, ұнтақ тәріздес зат жалпы салмағы 3,53 грамм синтетикалық психостимулятор және жалпы салмағы 5,52 грамм меткатиноном болып табылады, бұл синтетикалық есірткінің аса ірі көлеміне жатады. Ұсталған азамат аталған затты өзі қолдану үшін алғанын, тарату мақсатын көздемедім деп түсіндірген.

Полицейлер жеке тұтыну үшін есiрткiні аса ірі көлемде заңсыз сатып алғаны, сақтағаны үшін жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы барын ескертеді. Жыл басынан есірткіге қатысты 125 қылмыс анықталған. Оның 32 фактісі өткізу. Заңсыз айналымнан 286 келіден астам түрлі есірткі заттары алынды, оның 275 келіден астамы марихуана және 4 келіден астамы синтетикалық есірткі.

Тағы да оқыңыздар:Петропавлда заңсыз саудаға шығарылған 453 литр алкоголь өнімі тәркіленді

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...