• Главная
  • Мектеп директорларының жалақысы өседі
БІЛІМ БЕРУ
17:35, 19 августа 2021 г.
Надежный источник

Мектеп директорларының жалақысы өседі

БІЛІМ БЕРУ
Мектеп директорларының жалақысы өседі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов республикалық тамыз конференциясында мектеп директорларының жалақысын көтеруге қатысты жоспарлар туралы айтты деп хабарлайды 7152.kz тілшісі nur.kz  сілтеме жасап.

Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, қазіргі таңда мектеп жетекшілерінің жалақысын көтеру мәселесі талқылануда.

-Қазіргі жалақы деңгейіне байланысты бәсекеге қабілетті менеджерлер жетекші болып жұмыс істеуге қызықпайды. Жалпы алғанда, үздік педаготер оқу ісінің меңгерушісі не болмаса директор болып жұмыс істеуге қызықпайтынын бәріміз жақсы білеміз. Сол себепті өзгерістер қажет. Бізде мектеп директорының жалақысы мұғалімдердікіне қарағанда төмен болатын жағдайлар жиі кездеседі. Бұл әртүрлі қауіп тудырады. Сондықтан білім және ғылым министрлігі біздің мектептерімізде директорларға жалақы төлеу жүйесіне өзгеріс, сонымен бірге әртүрлі ұйымдар үшін еңбек ақыны төлеуді саралау енгізуді жоспарлап отыр, - деді Аймағамбетов.

Ведомство басшысы еңбек ақыны төлеуді саралауға қатысты түсініктеме берді.

-Біз 40 оқушысы бар директор мен 1200-2000 баласы бар директодың бірдей жалақы алатынын айтып отырмыз. Бұл жерде жүктеме мен жауапкершілік деңгейі әртүрлі. Біз бұл туралы айттық және министрлік тиісті шешімді дайындап жатыр, - дейді Асхат Аймағамбетов.

Тағы да оқыңыздар:21 азамат өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #мектеп директорларының жалақысы мөседі #білім беру

Комментарии

Объявления
live comments feed...