
COVID-20019
11:10, 24 августа 2021 г.
Надежный источник
Денсаулық сақтау министрлігі күздегі эпидахуалдың жаңа болжамын жариялады
COVID-20019

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында күздегі эпидахуалдың үш сценарийдегі ықтимал болжамын айтты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Министрлік қараша айына дейінгі эпидемиологиялық болжамды жаңартты.
-Пессимистік сценарий бойынша қыркүйек айында 6 300 жағдайға, қазан айында 2400 жағдай жетеді. Шынайы сценарий бойынша қыркүйекте 5 400 жағдайға, қазанда 1 800 жағдайға жетеді. Оптимистік сценарий жағдайында қыркүйекте 4 200 жағдайға, қазанда 1 300 жағдайға жетеді, - деді министр.
Сондай-ақ, Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға өңірлерде Ashyq жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күнгі шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырды.
-Вакцинаның бірінші компонентін алғандардың саны 6,5 млн адамға жуық, ал екінші компонентін 5 млн-нан астам адам салдырды. Вакцина салдыру науқанын одан әрі күшейту қажет. Ведомствоаралық комиссияға эпидемиологиялық жағдай тұрақталып жатқан өңірлердегі Ashyq жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күнгі шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырамын, - деді Премьер-министр. Жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа тапсырды.
Тағы да оқыңыздар: 1-ші сынып оқушылары «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқитын болады
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
День правовой помощи: жители Петропавловска получили бесплатные консультации
Защита от преступлений
19:19
Когда звучат песни — объединяются сердца: в Лебяжинском сельском округе СКО бережно хранят дружбу народов
Межэтническое согласие
15:44
ТОП новости
Каждый пятидесятый знак с нарушениями: в СКО проверили состояние дорожной инфраструктуры
Общественная безопасность
В Петропавловске обсудили развитие здравоохранения региона с вице-министром отрасли Тимуром Султангазиевым
Здравоохранение
От колодцев к чистой воде: в двух сёлах СКО решена многолетняя проблема водоснабжения
Водоснабжение и водоотведение
Объявления
18:00, 23 июня
14:40, 22 июня
23
Комментарии