КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ
11:50, 30 августа 2021 г.
Надежный источник
30 тамыз - ҚР Конституция күні
КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады. 1995 жылдан бері 30 тамыз елімізде Конституция күні ретінде тойланып келеді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
-Құрметті отандастар! Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын! Атазаңымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі. Конституция мемлекетіміздің заң жүзінде және саяси тұрғыдан демократия қағидаттары мен заң үстемдігін ұстанатынын айғақтайды. Сондай-ақ ұзақ мерзімді даму бағдарымызды айқындайды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен және тікелей атсалысуымен әзірленген еліміздің бас құжаты әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріміздің және қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ауқымды реформаларымыздың берік тұғыры болып саналады. Конституциямыздың ұлағатты ұстанымдары экономикалық дағдарыстарды батыл еңсеріп, болашаққа сеніммен қадам басуымызға жол ашады. Біз азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін мызғымас құндылықтарға сүйене отырып, әділ мемлекет құрамыз. Басты мақсатымыз – халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру. Атазаңымыз ел бірлігін және адамның ар-ұжданы мен абыройына қол сұғуға болмайтынын негіздеп, кемсітудің кез-келген түріне тыйым салу арқылы ұлтымызды ұйыстырады. Осы басты ұстанымдар баға жетпес байлығымыз – ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Тәуелсіздік рухы әрбір жолында көрініс тапқан Конституциямызға құрмет халқымызға тән отаншылдықтың арқауына айналып отыр. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және мол игілік тілеймін!
Ата заңының тарихы 1993 жылдан басталады. Дәл осы жылы еліміздің алғашқы Конституциясы қабылданған болатын. 1995 жылы қазір қолданып жүрген екінші Конституция қабылданды. Күні бүгінге дейін Конституция 1998, 2007, 2011, 2017 және 2019 жылдары реформаға түскен екен.
2017 жылы Конституцияның 25 бабына 33 түзету енгізілді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, Бес институционалдық реформа ұғымдары осы реформадан кейін саяси айналымға шықты. Ата заңымыздың 1-бабы бойынша Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Мемлекеттің ең қымбат байлығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Бұл – Конституцияның өзгермейтін ең басты қағидасы.
Тағы да оқыңыздар: Президент 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
16:51
Не коси - иди, служи: в СКО стартовала призывная кампания
Призывная кампания
15:49
12:34
Объявления
15:13, 2 сентября
5
13:02, 29 августа
15:13, 2 сентября
32
live comments feed...
Комментарии