
ТАҒАЙЫНДАУ
16:10, 31 августа 2021 г.
Надежный источник
Солтүстіктің тумасы Мұрат Бектанов ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды
ТАҒАЙЫНДАУ

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов ҚР Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды. Ақорданың ресми сайтына Мемлекет басшысының Жарлығы жарияланды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Мұрат Бектанов 1965 жылы 18 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Қызылжар ауданы Соколовка ауылында дүниеге келген.
1988 жылы Киевтегі жоғары қарулы қолбасшылық училищесін бітірді. 2000 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери академиясын, 2007 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірді. Әр жылдары түрлі басшылық қызметте болды.
2016 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлықтағы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды. 2020 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен оған генерал-лейтенант әскери атағы берілді. Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Бұған дейін қорғаныс министрі қызметін Нұрлан Ермекбаев атқарған болатын. Ол Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін өз еркімен отставкаға кететін мәлімдеді. Бүгін оны Президент қызметінен босатты.
Тағы да оқыңыздар: Қыркүйектің алғашқы күндері үсік жүреді
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Мобильная академия приехала в СКО: руководители полиции проходят курс повышения квалификации
Закон и порядок
19:05
Вчера
Безопасность детей — общая задача: в Петропавловске обсудили профилактику правонарушений среди подростков
Закон и порядок
18:22
Вчера
«Плюс 25% к чеку»: в Петропавловске вскрыли схемы завышения цен на социально значимые товары
Ценообразование
15:29
Вчера
13:48
Вчера
ТОП новости
Объявления
18:00, 23 июня
12:44, 10 сентября