• Главная
  • Сот талабын орындамағаны үшін лауазымды тұлғаға айыппұл салынды
СОТ
15:25, 2 сентября 2021 г.
Надежный источник

Сот талабын орындамағаны үшін лауазымды тұлғаға айыппұл салынды

СОТ
Сот талабын орындамағаны үшін лауазымды тұлғаға айыппұл салынды

Солтүстік Қазақстан облысында сот мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысына айыппұл салды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік орган басшысының, лауазымды тұлға ретінде СҚО мамандандырылған әкімшілік сотында қаралып жатқан екі іске қатысы бар. Біреуі бойынша сот мемлекеттік орган басшысын жауапкер ретінде, екіншісінде осы лауазымды тұлғаны мүдделі тұлға ретінде тартқан. Сот әкімшілік істер бойынша алдын ала тыңдау үшін лауазымды тұлғаны мемлекеттік орган жүргізген тексеріске қатысты құжаттарды ұсынуды міндеттеген. Екі іс бойынша да мерзім көрсетілген, содан кешіктірмей талап етілген тексеру құжаттарын сотқа ұсыну керек болған. Алайда сот талабы уақтылы орындалмай, қажетті құжаттар ұсынылмаған. Ал соттың электронды поштасына жолданған сілтемелер ашылмаған, осылайша ол құжаттарды қарауға мүмкіндік болмаған. Салдарынан сот ұсынылған дәлелдердің жеткілікті екендігін анықтай алмай, сот отырысында әкімшілік істі қарау мүмкін болмады. Сот талабын орындамағаны үшін лауазымды тұлға-мемлекеттік органның басшысы енді 10 АЕК мөлшерінде, шамамен 30 мың теңге айыппұл төлемек.

Тағы да оқыңыздар:Pfizer вакцинасы Қазақстанда уақытша тіркеуден өтті

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #сот #лауазымды тұлғаға айыппұл салынды
Последние новости
ТОП новости
Погреемся на солнышке бесплатно: в Петропавловске официально завершают отопительный сезон
Отопительный сезон
В Кызылжарском районе СКО 58-летний мужчина после утери советского паспорта жил и работал без документов
СКО
В селе Казанское СКО на заднем сиденье сгоревшего автомобиля обнаружен мужской труп
ЧП
Как министр культуры РК показал библиотекарям СКО «след» Алихана Букейханова в энциклопедии Брокгауза и Ефрона
День книги
Объявления