• Главная
  • Ауданның екі тұрғыны 5 қойды аңшы мылтығымен атып алған
СҚО ПД
16:25, 3 сентября 2021 г.
Надежный источник

Ауданның екі тұрғыны 5 қойды аңшы мылтығымен атып алған

СҚО ПД
Ауданның екі тұрғыны 5 қойды аңшы мылтығымен атып алған

М. Жұмабаев ауданының екі тұрғыны отардан адасқан 5 қойды аңшы мылтығымен атып алған, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

30 тамыз Аққайың ауданының полиция бөліміне «39 қой жоғым жоғалып кетті»- деген шағыммен ауыл тұрғыны жүгінеді. Тәртіп сақшылары бірден іздестіру шараларына кіріскен. Нәтижесінде бір отар қой бөлініп, Мағжан Жұмабаев ауданына өтіп кеткенін анықтайды. Бір тәулік ішінде полицейлер бөлек жүген екі отар қойды тауып алды. Санай келе, 5 қой жоқ екенін белгілі болады. Кейін, тәртіп сақшылары орман маңынан олардың терісі мен құлақ белгілері тапқан. 

Аудан полицейлері сол маңдағы отын дайындайтын бригаданы тергеп, екі жұмысшының жоғалған қойларға қатысы бар екенін анықтады. Булаев қаласының тұрғындары  тергеу барысында малды аңшы мылтығымен атып алғандарын мойындады. Еттің бір бөлігі отын дайындайтын бригада вагонының ішінен табылған. Қалғаны – екі тұрғынның үйлерінде сақталған.Сондай-ақ, вагоннан заңсыз сақталған мылтық, 16 калибрлі 6 патрон, 7 гильза мен оқ-дәрі тәркіленді. Келтірілген шығын 1 миллион 300 мың теңгеден асады.

-Қой ұрлау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабы «мал ұрлығы» бойынша қылмыстық іс қозғалды.Күдіктілер, яғни қылмысты жасаған азаматтар қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, -деді Аққайың ауданының полиция бөлімінің бастығы Руслан Сапаров.

Мал иесі бұрын қойларын еркін жайылымға жібергені үшін  әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен. Қараусыз қалған жануарлар жоғалып, мал ұрыларының қолына түсуі мүмкін немесе жолда кенеттен пайда болып, жол-көлік оқиғасына да себепкер бола алады.Жыл басынан бері облыс аумағында барлығы 22 мал ұрлығы тіркелген, қазіргі уақытта оның 20-сы анықталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #отар қой жоғалды#жоғалған қойды атып алған

Комментарии

Объявления
live comments feed...