• Главная
  • 25 жастағы жігіт танысудан бас тартқан қыздың телефонын тартып алған
СҚО ПД
16:05, 8 сентября 2021 г.
Надежный источник

25 жастағы жігіт танысудан бас тартқан қыздың телефонын тартып алған

СҚО ПД
25 жастағы жігіт танысудан бас тартқан қыздың телефонын тартып алған

Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері танысудан бас тартқаны үшін қыздың смартфонын тартып алған 25 жастағы петропавлдық азаматты ұстады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі. 

Полицияға сағат түнгі бір шамасында Сәтбаев көшесіндегі дүкендердің маңында белгісіз ер адам қыздың ұялы телефонын ашық түрде ұрлағаны туралы хабарлама түсті. Полицейлер бейнебақылау камераларын қарап, оның нәтижесінде тонау жасаудағы күдіктіні анықтады. Ол бұрын бұзақылық жасағаны үшін сотталған 25 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

-Петропавл қаласының 2 полиция бөліміне 20 тамыздан 21 тамызға қараған түні Сатпаев көшесі бойында белгісіз ер адамның Петропавл қаласының тұрғынының ұялы телефонын ашық түрде жымқырғаны туралы арыз келіп түсті. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 1995 жылы туған Петропавл қаласының тұрғыны, бұрын соттылығы бар азамат анықталды,- деді Петропавл қ. ПБ анықтаушысы Санжар Атажан. 

Сол күні кешке ер адам Интернационал көшесіндегі дәмханалардың бірінен шыққан. Сол көшедегі жатақханалардың бірінің маңында  вокзалға қарай бет алған қызды көреді.  Онымен таныспақ болған мас жігіт Сәтбаев көшесінің бойындағы азық-түлік дүкендерінің біріне дейін жеткен, кейін қыздың қолындағы OPPO маркалы смартфонын тартып алып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Алайда келесі күні ол 2-ші полиция бөлімінің қызметкерлерімен ұсталды. Қазіргі уақытта аталған факті ҚР ҚК 191-бабы 1-бөлігі «Тонау» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Тағы да оқыңыздар: Вакцина алмағандарды тексеру басталады

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #телефон ұрлаған жігіт ұсталды

Комментарии

Объявления
live comments feed...