• Главная
  • Облыста 208 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсынан өтті
ВАКЦИНАЦИЯ
16:15, 12 сентября 2021 г.
Надежный источник

Облыста 208 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсынан өтті

ВАКЦИНАЦИЯ
Облыста  208 мыңға жуық  адам коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсынан өтті

СҚО-да бүгінге дейін вакцинаның бірінші компонентін 230 989 мың адам алса, 207 962 адам толық курстан өтті. Соңғы кезде облыста коронавирусқа қарсы екпе алушылардың саны азайып,  қоғамдық орындарда ашылған екпе пунктірінің бірнешеуі жабылды , деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, соңғы екі айда коронавирусқа қарсы вакцина алушылардың саны азайған.

-Шілде айында тәулігіне 3-5 мың адам коронавирусқа қарсы екпе алатын. Қазір вакцина алушылардың саны 600-ден аспайды. Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, Айыртау, М.Жұмабаев, Тайынша, Қызылжар және Уәлиханов аудандары екпе алудан көш соңында келеді. Вакцина алушылар санының азаюына байланысты бірнеше екпе пунктін жабуға шешім қабылдадық - дейді басқарма басшысының орынбасары Құмар Күсемісов. 

Олар соңғы уақытта тәулігіне орта есеппен 4-5 адамды ғана қабылдап келген. «Тайга» базарындағы, Әуезов көшесіндегі халыққа қызмет көрсету орталығындағы, спорт сарайындағы, Алтын арман базарындағы және жастар сарайындағы вакцинация пункттері жабылады. Қалғандары бұрынғысынша жұмыстарын жалғастыра береді.

Ал, өңірдегі эпидахуалға келер болсақ, қазіргі таңда инфекциялық стационарларда 538 науқас ем алып жатыр, оның 69 -ның жағдайы нашар деп бағалануда. Індет басталғалы вирустан 175 азамат көз жұмды. Соңғы тәулікте 87 адамнан КВИ анықталды. 

Тағы да оқыңыздар: Облыс бойынша 22 сынып карантинге жабылды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #карантин #COVID-2019

Комментарии

Объявления
live comments feed...