• Главная
  • Петропавлда 200-ден астам үй жылыту маусымына дайын емес
ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ
18:00, 13 сентября 2021 г.
Надежный источник

Петропавлда 200-ден астам үй жылыту маусымына дайын емес

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ
Петропавлда 200-ден астам үй жылыту маусымына дайын емес

Қазіргі таңда облыс орталығында 891 үйдің құбыры жуып-шайылып, жылыту маусымына дайындық құжатын алды. Алайда, қалған 215 тұрғын үйге жылу уақытынан кеш берілуі мүмкін, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Жалпы, қазіргі таңда Петропавлда 1106 тұрғын үй бар. Соның 891-і ғана толығымен жылыту маусымына дайын. Қалған 200-ден астамына жылу кеш немесе аз мөлшерде берілуі мүмкін. Оған басты себеп, жертөледегі құбырлардың жөнделмеуі, жуып-шаюдың жүзеге асырылмауы. Тұрғындар қалған 1-2 апта ішінде осы ақауларды жоюлары керек.

- Бүгінгі таңда 891 үй жылу қабылдауға дайын. Барлық жұмыстарын өткізді. Қалған үйлермен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жылыту маусымы аяқталғалы бері тұрғындармен, пәтер иелері кооперативімен әңгімелер жүргізіліп, ескертулер жасалды,-деді қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Аслан Ілиясов.

Жылудың үйлерге берілуі ауа райын байланысты. Мамандар шамамен  жылыту маусымы қыркүйек айының соңында немесе қазан айының басында басталады деп отыр. 

Тағы да оқыңыздар: ҚР спорт қайраткері үйінің маңынан спортшыларға арнап аллея ашты

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #жылыту маусымы #қалалық әкімдік
Последние новости
ТОП новости
Первые погоны и первое назначение: Академия Национальной гвардии РК отправляет на службу молодых лейтенантов
Выпускники
Каждый пятидесятый знак с нарушениями: в СКО проверили состояние дорожной инфраструктуры
Общественная безопасность
Территория безопасности: в Петропавловске обсудили, как защитить себя, свое здоровье и личное имущество от современных угроз
Закон и порядок
В Петропавловске обсудили развитие здравоохранения региона с вице-министром отрасли Тимуром Султангазиевым
Здравоохранение
Объявления