• Главная
  • Қорық аумағында заңсыз елік атқандар ұсталды
ЗАҢСЫЗ АҢ АУЛАУ
15:12, 15 сентября 2021 г.
Надежный источник

Қорық аумағында заңсыз елік атқандар ұсталды

ЗАҢСЫЗ АҢ АУЛАУ
Қорық аумағында заңсыз елік атқандар ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында Согров қорығында екі елік атып алған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды 7152.kz тлшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 қыркүйек күні табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы, «Көкшетау» ұлттық табиғи парктің инспекторы және Қызылжар ауданындағы Согров қорығының бас қорықшысы қорық аумағына түнде рейдке шығып, мылтық дауысын естиді. Браконьерлерді ұстау үшін бөлініп, орман ішін сүзеді. Нәтижесінде сібір елігін сойып жатқан үш адамның  үстінен түседі.Сол жерде тұрған «Toyota Prado» көлігінің жүк салғышында тағы бір аңның еті болған. Бұл дерек «Заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Аталған факті бойынша үш азамат ұсталды. Олардың екеуі – 52 және 39 жастағы петропавлдық, біреуі 51 жастағы Мамлют ауданының тұрғыны. Олардан 308 калибрлі ойық ұңғылы карабин алынды.

-Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мұндай рейдке жиі шығып тұрады. Мақсат заңсыз аң аулау фактілерінің алдын алу және балық аулау тәртібінің бұзылуына жол бермеу. Іс-шараға мүдделі мекемелердің өкілдері де қатысады. Жыл басынан облыста заңсыз аң аулауға қатысты 10 дерек тіркеліп, аң аулау тәртібін бұзудың 405 жағдайы тіркелді, - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы Асхат Қожабаев.

Тағы да оқыңыздар: КАМАЗ көлігі автожолда велосипедші қызды соғып кетті

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #заңсыз аң аулау #броконьер #СҚО ПД

Комментарии

Объявления
live comments feed...