• Главная
  • Бүгіннен бастап емханаға тіркеу науқаны басталды
МӘМС
15:45, 15 сентября 2021 г.
Надежный источник

Бүгіннен бастап емханаға тіркеу науқаны басталды

МӘМС
Бүгіннен бастап емханаға тіркеу науқаны басталды

Бүгін жыл сайын 15 қыркүйекте басталатын емханаға тіркеу науқаны басталды. Емханасын ауыстырғысы келетін азамттардың қарашаның 15не дейін уақыттары бар, хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Емханаға тіркеу науқаны туралы брифингте  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өңірдегі өкілдері айтып берді. Биыл емханаға тіркеу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Енді бұдан былай Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден келген еңбек мигранттары емханаға тіркелу үшін ерікті медициналық сақтандыру полисін сатып алуы тиіс. Олар емханаға барып өтініш жазады. Немесе өтінішті ерікті сақтандыру туралы келісімшарт бекіткен сақтандыру компаниясының өкілдері жаза алады. Жалпы, ЕАЭО елдерінен келіп жұмыс істеп жатқан мигранттар сақтандыру төлемдерін төлеп, МӘМС пакетіндегі қызметтерді толық пайдалана алады. 

Емханаға тіркеу азаматтардың тұрақты немесе уақытша тұратын мекенжайы бойынша жүргізіледі. Бұл әсіресе, қазіргідей пандемия тұсында, мобильді бригадалар мен дәрігер шақыртушылар саны артқан тұста өте үлкен маңызға ие болып отыр. Сонымен қатар, әр адам бір әкімшілік-аумақтық бірлік шеңберіндегі емханалардың бірін таңдау құқығы бар. Ал, шекаралас аймақтардың тұрғындары жақын маңдағы әкімшілік аумақ ішіндегі медицина ұйымына тіркеледі.

-Емхана өзі қызмет көрсететін аймақтан тыс жерде тұратын азаматтарды тіркеуден бас тартуы мүмкін. Сондай-ақ, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекеме жүктемесі шектен асып кетсе де тіркеуден бас тарта алады. Себебі, қолданыстағы нормативтерге сәйкес, учаскедегі жалпы практика дәрігеріне тіркелген пациент саны 1700-ден аспауы тиіс - деді Қарлығаш Ілиясова –«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ  бөлімінің басшысы.

Емханаға тіркелу жолдары өзгерген жоқ. Оның 2 түрлі тәсілі бар:1 «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркеу» қызметін пайдалану арқылы; 2. Емханаға барып арыз жазу арқылы тіркелу. Бұл әдісті зейнеткерлер, мүгедектер, балалық шақтан мүгедек азаматтардың қамқоршылары, түрмеде жазасын өтеп жатқандар, студенттер, әскери борышын өтеп жатқандар, шетелде туған балалар мен сенімхат арқылы тіркелетін азаматтар пайдалана алады. Емхана қызметкерлері «Тіркелген тұрғындар регистрі» ақпараттық жүйесі арқылы тіркеуге өтініш береді.

Ал, егер тіркеу egov.kz порталы арқылы жүргізілетін болса авторизациядан өтіп, электронды өтініш қалдырады. Қызметтің нәтижесі өтініш берушінің Жеке кабинетіне жіберіледі.

Биылғы науқан кезінде емхана ауыстырған азаматтар өзі таңдаған емдеу мекемесінің қызметін 2022 жылдан бастап пайдалана алады.

-Естеріңізге сала кетсем, тіркеу науқанына Қордың мәліметтер базасына енген емдеу мекемелері ғана қатысады. Олардың толық тізімімен МСҚ www.fms.kz ресми сайты арқылы танысуға болады. Бүгінгі таңда солтүстікқазақстандықтардың МСАК қызметін көрсететін 17 ұйымның біріне тіркелу мүмкіндігі бар. Олардың ішінде 16 Мемлекеттік, 1 жеке меншік нысаны бар - деді брифингте Қарлығаш Ілиясова.

Тағы да оқыңыздар:  Қорық аумағында заңсыз елік атқанжар ұсталды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #емханаға тіркелу#МӘМС

Комментарии

Объявления
live comments feed...