• Главная
  • Карантин уақытында жалған медициналық құжаттарды істеп, сатумен айналысқандар ұсталды
ҚР ҰҚК
15:10, 16 сентября 2021 г.
Надежный источник

Карантин уақытында жалған медициналық құжаттарды істеп, сатумен айналысқандар ұсталды

ҚР ҰҚК
Карантин уақытында  жалған медициналық құжаттарды істеп, сатумен айналысқандар ұсталды

Петропавлда карантин уақытында шекарадан кедергісіз өтуге мүмкіндік беретін жалған құжаттарды істеп, сатумен айналысқандар ұсталды. Бұл жайында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

ҚР ҰҚК СҚО бойынша департаменті шекара қызметімен бірлесе Петропавл қаласының тұрғындары ұйымдастырған «жасырын» цехты әшкереледі. Тұрғын үйде орналасқан пәтерде карантин уақытында шекарадан кедергісіз өтуге мүмкіндік беретін жалған медициналық құжаттар дайындалып келген. Тінту барысында қазақстандық және ресейлік медициналық ұйымдардың мөрі, облыстың клиникалық-диагностикалық зертханасы мен емханасының ПТР тест қорытындысы алынды.

-026/у үлгісіне сәйкес диагноз бен емделудің тығыздығын растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындылары, шетел медициналық ұйымдарынан емделуге шақыру хаттар, ПТР тест қолдан жасалған. Мұны белгілі бір ақыға Қазақстан Республикасының азаматтарына короновирус пандемиясына байланысты карантин қолданылған кезеңде Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарадан кедергісіз кесіп өту үшін сатып келген, - делінген хабарламада. Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 394-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Тағы да оқыңыздар: КВИ жұқтырған 64 науқастың жағдайы ауыр

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #СҚО ҰҚК#жалған құжат жасағандар ұсталды

Комментарии

Объявления
live comments feed...