
АУА РАЙЫ
17:28, 20 сентября 2021 г.
Надежный источник
Солтүстікте түнде аяз күтілуде
АУА РАЙЫ

Синоптиктер 21-23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, алдағы үш күнде еліміздің бірқатар өңірінде күн салқындайды деп, хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде еліміздің батысында, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады. Солтүстік пен шығыста екпінді жел соғып, аздаған жаңбыр жауады деп күтілеуде.
Батыста түнде 3-17 градус, күндіз 12-28 градус жылы болмақ. Солтүстік-батыста түнде 0-7 градус жылы болады. Одан бөлек, түнде 3 градус аязда болуы ықтимал. Ал күндіз 8-23 градус аралығында жылы болмақ.
Солтүстікте түнде ауа температурасы 0-5 градус жылы болады және 3 градус аяз күтіледі, күндіз 6-11 градус жылы болады.
Орталықта және облыстың шығысында түнде 0-5 градус жылы болады әрі 3 градус аяз күтіледі. Күндіз ауа температурасы 6-дан 16 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста сынап бағанасы түнде 4-15 градусты, күндіз 17-28 градус жылылықты көрсетеді.
Тағы да оқыңыздар: Медициналық мекемелерде видео түсіруге қойылған шектеу алынып тасталды
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:12
17:46
ТОП новости
От спорта к экологии: в Петропавловске выросла Аллея чемпионов
Экологическая акция
Объявления
12:30, 12 сентября
Комментарии