• Главная
  • Қазақстанда коронавирустың жаңа штаммы анықталды
COVID-20019
11:55, 21 сентября 2021 г.
Надежный источник

Қазақстанда коронавирустың жаңа штаммы анықталды

COVID-20019
Қазақстанда коронавирустың жаңа штаммы анықталды

Қазақстанның 4 өңірінде коронавирустың жаңа штамы анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды  7152.kz  тілшісі. 

-Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирустық инфекцияға генетикалық зерттеу жүргізді. Секвенирлеу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасында 96 үлгіде штаммдар айналымы белгіленген (Delta «Үнді штаммы» - 57 (59,4%), Alpha «Британдық» - 24 (25%), «Ухань» коронавирусы - 10 (10,4%) және eta «Нигерия» - 5 (5,2%)). Eta «Нигерия» штаммының айналымы 4 өңірде айқындалды (Қарағанды - 1, Маңғыстау - 2, Павлодар - 1, Нұр-Сұлтан - 1). «Eta» штаммның пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды, аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталды, - деп жазды министр желіде.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі деректері бойынша «Eta» штаммы әлемнің 77 елінде бөлінген, ДДҰ санаты бойынша «бақылауды» талап ететін штаммдарға жатады. Клиникалық белгілері Alpha (Британдық) және Beta (Оңтүстік Африка) штамдары (жоғары қызба, жөтел, иіс пен дәм жоғалту, ауыр ауру және т.б.) сияқты.

Тағы да оқыңыздар:Пандемия басталғалы КВИ-ден 193 жерлесіміз көз жұмды



Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #вакцинация #COVID-2019

Комментарии

Объявления
live comments feed...