ономастика
18:00, 21 сентября 2021 г.
Надежный источник
Облыс орталығындағы бірнеше нысанға Алаш арыстарының аты берілмек
ономастика
Петропавлда бірнеше нысанға Алаш қайраткерлерінің аты берілетін болды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі Егемен Қазақстан газетіне сілтеме жасап.
Жуырда Солтүстік Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының отырысы болып, онда ұлтын қолдап, қорғап, қара бастарына келген қауіп-қатерге қарамай күрескен Алаш ардақтыларының аты ұлықталды. Комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов елімізде санақ жүргізіліп, нысандарға ат беру немесе ауыстыру мәселелерінің кейінге қалдырылғаны туралы шешімнің тыйым салынбаған тұстары табылғанын айтты.
-Санақ жүруіне байланысты ат беруге тыйым салу көшелер мен елді мекендерге қатысты. Ал білім беру мекемелері мен басқа орындарға оның қатысы жоқ. Сондықтан біз бастаған ісімізді одан әрі жалғастырып, облыс орталығында ешкімнің аты берілмеген білім ордаларына Алаш қайраткерлерінің есімін беру керек деп шештік. Барлық міндетті шаралар өткізілді. Мектеп ұжымдарымен кездесулер болып, олардың келісімдері алынды-, деді Нығыметов.
Сонымен қаланың «Береке» шағын ауданындағы №25 мектепке Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның есімі, №9 мектепке ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының аты берілетін болды. Ал халқымыздың ғажап ұлдарының бірі, қазақ атын әлемге алғаш танытушы, классикалық күрестен дүние жүзінің чемпионы болған күш атасы Қажымұқанның есімі Ұлттық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебіне берілетін болды.
Ал халқымыздың арда азаматтарының біріСмағұл Сәдуақасовтың есімі қаланың ең басты көшелерінің бірі – Интернационалдағы №2 мектепке беріліп, оқу ордасының алдына ескерткіші де орнатылмақ. Сонымен қатар, Алаш қозғалысы белсенділерінің бірі, алғашқы қазақ дәрігерлерінің қатарында болған Жұмағали Тілеулиннің есімін медициналық колледжге беру туралы ұсыныс та қаралатын болды. Ол үшін осы ұжымның мүшелерімен кездесіп, Жұмағалидың кім екенін таныстыратын топ құрылды.
Айтылған ұсыныстардың бәрін ономастикалық комиссия мүшелері бірауыздан қолдады. Енді бұл шешім Үкіметке жіберіледі.
Тағы да оқыңыздар: 27 қыркүйектен той өткізуге рұқсат берілді
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
11:46
18:16
Вчера
17:50
Вчера
14:23
Вчера
13:39
Вчера
Единую информационную систему здравоохранения хотят создать в Казахстане
Послание президента
11:52
Вчера
Объявления
20:31, 16 сентября
live comments feed...
Комментарии