СҚО ПД
17:20, 23 сентября 2021 г.
Надежный источник

Әйел 8,5 млн теңгеге алданды

СҚО ПД
Әйел 8,5 млн теңгеге алданды

Петропавлда полицейлер банк қызметкеріміз деп хабарласып, әйелді 8,5 млн теңгеге тақырға отырғызған алаяқтарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Оған белгісіз біреу телефон арқылы хабарласып, өзін банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерімін деп таныстырған. Қала тұрғынының атына біреулердің несие ресімдемек болып жатқанын айтып, көмегін ұсынған. Зардап шегушінің айтуынша, хабарласқан адам банк терминдерін қолданып сөйлескен. Сол себепті әйелде күмәнданбай, айтқанын істеген, яғни 2 млн теңгеге несие ресімдеп, оны «қосымша шотқа» аударған. Біраз уақыттан кейін тағы біреуі хабарласып, ол да өзін банк қызметкерімін деп таныстырған. Ол да несие алғызып, оны жаңа шотқа аудартқан. Осылайша бірнеше рет қайталаныпты. Қаскүнемдердің әрекетінен әйел бес банктен 8,5 млн теңге несие алып, шығын шекті. Өзінің алданғанын кеш түсінген қала тұрғыны полицейлерге арызданды. Жалпы облыста биыл интернет алаяқтыққа қатысты 499 дерек тіркелді.

- Бұл дерек «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, қазіргі уақытта жедел тергеу іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Алаяқтарға жем болмау үшін банк қызметкерлерінің осылайша үйге телефон соқпайтынын естеріңізде сақтаңыздар. Егер есепшотыңызға қатысты қандай да бір күман туса, бірден банкке барып мән-жайды анықтағаныңыз дұрыс, - СҚО ПД КПБ жедел уәкілі Сәбит Бағитов.

Тағы да оқыңыздар: 300-ден астам ірі қара ауруға шалдыққан

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #интернет-алаяқтық

Комментарии

Объявления
live comments feed...