• Главная
  • Облыста жыл басынан 49 көлік ұрлау фактісі тіркелді
СҚО ПД
11:07, 24 сентября 2021 г.
Надежный источник

Облыста жыл басынан 49 көлік ұрлау фактісі тіркелді

СҚО ПД
Облыста жыл басынан 49 көлік ұрлау фактісі тіркелді

Жыл басынан облыста автокөлікті заңсыз иемдену фактілері бойынша 49 шағым тіркелді. Оның ішінде екеуі қазіргі уақытта ашылған жоқ, 33-і өндіріспен аяқталды, қалғандары бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде,  деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

22 қыркүйекте Петропавл тұрғыны өзінің Audi-100 көлігінің ұрланғаны туралы арызбен полицияға жүгінген. Патрульдер мен бейнебақылау операторлары бірден көлікті іздеуге бағытталды. Жедел қызметкерлер бейнебақылау камераларының жазбаларын тексере отырып, камераларға ер адамның күндіз өзі жұмыс істейтін ұйымның автотұрағынан шығып, жаяу қайтқанын аңғарады. Автокөлік иесінің өзі мұны бастапқыда жоққа шығарды. Тек, жедел қызметкерлер оған бейнежазбаны көрсеткенде ғана қайтып келе жатып дәмханаға тоқтағаны есіне түсті. Дәмхана жұмыс орнына жақын болғандықтан, ер адам көлікті ұмытып, тамақтанып, әдеттегі жолмен жұмысына кетіп қалған. Осы уақыт бойы тәртіп сақшылары көшелерден “Audi” іздеп, қаладан шығатын жолдарды тексеріп жүргенде, көлік қалған жерінде тұрған.

Дәл осындай жағдай биыл Петропавлдағы сауда орталықтарының бірінің жанында болды. Дүкеннен шыққан кейін ер адам көлігін қойған жерін ұмытып, көлігім ұрланды деп арыз жазған. Тағы бірде әйел полицияға хабарласып, көлігінің ұрланғанын хабарлаған, ал оның туысы көлікті басқа кіреберіске алдына қойып, үй иесіне бұл туралы хабарлауды ұмытып кеткен.

– Жалпы, Солтүстік Қазақстанда автокөліктерді заңсыз иемдену жағдайларының көпшілігі ұрлық жасамау, яғни алкогольдік ішімдік ішу салдарынан орын алады, – деді криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев. – Жәбірленушілер көбінесе күдіктілердің таныстары болып шығады. Біз автокөлік иелеріне ұқыпты болуды, өздерінің мүлкін тияқнақты сақтауды, бөтен адамдардың көліктің кілтін пайдалануға жағдай жасамауды сұраймыз.

Тағы да оқыңыздар: Қазақстандықтар тұрақты тіркеуге тұрғанда үйдің иесіне SMS келеді

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #ұрланған көлік

Комментарии

Объявления
live comments feed...