• Главная
  • Құс тұмауына байланысты Лебяжье ауылы карантинге жабылды
ҚҰС ТҰМАУЫ
14:55, 27 сентября 2021 г.
Надежный источник

Құс тұмауына байланысты Лебяжье ауылы карантинге жабылды

ҚҰС ТҰМАУЫ
Құс тұмауына байланысты Лебяжье ауылы карантинге жабылды

Құс тұмауының таралуына байланысты М.Жұмабаев аудынындағы Лебяжье елді мекені карантинге жабылды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, 21-26 қыркүйек аралығында М.Жұмабаев ауданы Лебяжье елді мекенінде 1003 үй құсы қырылған. Бұл - жеті үйдің  2-3 айлық құсы. Оның ішінде 130 тауық, 291 қаз, 582 үйрек өлген. Мамандар құстардың өлексесін жинап алынып, күйдіру арқылы жойды.

-Ветеринарлық қызмет эпизоотиялық зерттеу жүргізілді. Өлген құстардан материал алынып, зертханаға жіберілді. 24 қыркүйек күні оның қорытындысы келіп, құс тұмауы екені расталды. Үй құстарына қауіпті ауру жабайы құстардан жұғуы мүмкін. Өйткені елді мекенде су қоймасы бар, онда аққулар, жабайы үйректер мен басқа да құстар мекендейді, - дейді СҚО ветеринария басқармасы бөлімінің басшысы Қайырлы Қазанов. Осыған байланысты М.Жұмабаев ауданы Лебяжье ауылы карантинге бүгіннен бастап жабылды.

Тағы да оқыңыздар:Жаңа қаулыға қол қойылды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #карантин #құс тұмауы

Комментарии

Объявления
live comments feed...