• Главная
  • Облыста ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін 311 мың адам екпе алу қажет
COVID-20019
18:20, 27 сентября 2021 г.
Надежный источник

Облыста ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін 311 мың адам екпе алу қажет

COVID-20019
Облыста ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін 311 мың адам екпе  алу  қажет

Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 71 жаңа жағдайы тіркелді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жағдайлардың 90% -да ауру белгілері бар. 66 адамнан эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша, бес адамнан – эпидқадағалау мақсатында талдаулар алынды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Инфекция жұқтырғандар саны бойынша тәулік ішінде Петропавл қаласы көш бастап тұр – 25 адам. Аудандар арасында – 15 жаңа жағдаймен Қызылжар ауданы тізім басында. Бір тәулік ішінде облыстың 4 зертханасы коронавирусқа 932 ПТР-зерттеу жүргізді. Бұған дейін хабарланғандай, өңірде басқа облыстармен салыстырғанда, тәулік сайын жұқтырғандардың саны айтарлықтай төмендемей, 70-80 адам шегінде қалып отыр. Мамандар мұны вакцинацияның төмен қарқынымен байланыстырады.

27 қыркүйектегі жағдай бойынша вакцинаның бірінші компонентін 240 416 адам немесе облыс халқының 44% - дан астамы алды. Вакцинацияның толық курсын 216 961 адам өтті. Облыста ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін 311 мың адам екпе  алу  қажет. Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда орта және ауыр халде 575 адам жатыр. 

-Егер де бұрын инфекциялық бөлімшелерде 1715 орын болса, 10 күннің ішінде 515 орынға қысқартылды. Бұл әрине қуантарлық жайт. Реанимация бөлімшелерінде де 115 тен 96 ға дейін азайды. Мұнда қазіргі таңда 48 адам ем-дом алып жатыр. Интенсивті терапияда 17 солтүстікқазақстандық  жатыр. Және де 294 науқас тұрақты түрде оттегімен қамтамасыз етіледі,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Айманов брифингте.

Осылайша қазіргі таңда мамандар ауыр сырқаттану деңгейінің өсуін байқауда. Осы ретте тұрғындарды қоғамдық орындарда санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтауға шақырамыз.

Тағы да оқыңыздар: Ресейде іздеуде жүрген алаяқ Петропавлдан табылды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #вакцинация #COVID-2019#брифинг

Комментарии

Объявления
live comments feed...