• Главная
  • Daewoo Nexia жүргізушісі бір отар қойды қағып кетті
СҚО ПД
13:20, 28 сентября
Надежный источник

Daewoo Nexia жүргізушісі бір отар қойды қағып кетті

СҚО ПД
Daewoo Nexia жүргізушісі бір отар қойды қағып кетті

СҚО-да Daewoo Nexia жүргізушісі бір отар қойды қағып кетті. 7152.kzСалдарынан 14 бас мал өлді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

24 қыркүйекте сағат 12.50-де Есіл ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне «Петропавл-Жезқазған» автожолында малдың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабар түседі. Аудан орталығы Явленка селосының маңында Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі бір отар қойды қағып кетеді. Анықталғандай, машинаның 51 жастағы жүргізушісі 41 жастағы жолаушысымен бірге Петропавл қаласынан Шал ақын ауданына бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы «Мал айдау» жол белгісінің аумағында орын алған. Салдарынан 14 бас мал өлді. Жүргізуші мен жолаушы аман.

Алынған медициналық куәландырудың нәтижесі  Daewoo Nexia жүргізушісі мас емес екенін көрсетті. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 1-бөлігі «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша материал жиналды және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Бұл – жыл басынан облыс жолдарында малдың қатысуымен тіркелген екінші жол-көлік оқиғасы. Жалпы, СҚО-да 8 айда 100-ден астам жол апаты тіркелді, салдарынан 20 адам көз жұмып, 149 адам жарақаттар алды. Полицейлер жүргізушілерге жол үстінде аса сақ болуға кеңес береді. 

Тағы да оқыңыздар: Қыркүйек айында үй карантині режимін бұзған 54 адам жауапқа тартылды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #ЖКО #14 бас мал өлді

Комментарии

Объявления
live comments feed...