• Главная
  • Қызыл кітапқа енген аққуды атқан ауыл азаматы ұсталды
СҚО ПД
15:50, 29 сентября 2021 г.
Надежный источник

Қызыл кітапқа енген аққуды атқан ауыл азаматы ұсталды

СҚО ПД
Қызыл кітапқа енген аққуды атқан ауыл азаматы ұсталды

СҚО-да полицейлер қызыл кітапқа енген сұңқылдау аққуды атқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды 7152.kz

СҚО ПД баспасөз  қызметінің мәліметінше, 4 қыркүйектен суда жүзетін құстарды аулау маусымы ашылғаннан бастап полиция қызметкерлері мен қорықшылар аң аулау қағидаларын сақтауды тексеру үшін рейдті күшейтті. Бірлескен рейдтің бірінде Айыртау ауданында егіс алқабына жақын ағаш дайындау бригадасының жанында сұңқылдақ аққудың қалдықтары табылды. Оқиға орнына келген жедел-тергеу бригадасы жұмысшылардың бірі қызыл кітапқа енген құсты заңсыз атуға қатысы бары екендігін анықтады. Күдікті – Ғ.Мүсірепов  ауданының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Оқиға орнын қарау барысында аққудың қалдықтары, дара ұңғылы 16 калибрлі «ИЖ-18» қаруы, атылған гильза мен оқталған патрон алынды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Осы тармақ жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты заңсыз аңшылық үшін жауапкершілікті көздейді.

-Табиғатты қорғау полиция, басқа мүдделі қызметтердің қызметкерлері қорықшылармен бірлесіп ұдайы бірлескен рейдтік іс-шараларды өткізеді, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы Асхат Қожабаев. — Бүгінгі таңда облыста облыста экологиялық қылмыс саласындағы 17 қылмыстық іс тіркелді, 414 аң аулау қағидаларын бұзу және 273 балық аулау қағидаларын бұзушылық анықталды. Облыстың барлық тұрғындарын заңнаманы қатаң сақтауға шақырамыз

Тағы да оқыңыздар:Елімізде мамандандырылған ХҚО жұмысында техникалық ақау шықты

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #құсты заңсыз ату

Комментарии

Объявления
live comments feed...