• Главная
  • Марал атқан қорықшылар ұсталды
СҚО ПД
11:30, 1 октября 2021 г.
Надежный источник

Марал атқан қорықшылар ұсталды

СҚО ПД
Марал атқан қорықшылар ұсталды

Облыс полицейлері екі маралды заңсыз атқан күдіктілерді ұстады.  Браконьерлер- Тайынша ауданының қорықшы болып жұмыс істейтін тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

15 қыркүйек ПД табиғатты қорғау полиция қызметкерлері Есіл ауданының ПБ қызметкерлерімен бірлесіп тексеру барысында «Красный бор» КММ аумағында орманда тіркемесі бар «Нива» көлігін байқаған. Рөлде 69 жастағы жергілікті тұрғын және қасында  24 жастағы Тайынша ауданының тұрғыны болған.  Тексеру кезінде полицейлер тіркемеден болжам бойынша маралдың еті салынған полиэтилен пакеттерді табады.  Заңсыз аңшылыққа қатысы бар екі күдікті анықталды. Екеуі де тайыншалықтар. Бірақ, 32 жастағы жігіт оқиға орнынан ерте кетіп қалған. Тайыншалық екі күдікті де қорықшы болып жұмыс істейді. Олар маралды атқан және бөлшектеген орынды көрсетті, аң аулауға рұқсат құжаттары болмаған. Бұдан кейін, олардың айтуынша, Есіл ауданының тұрғынынан етті алып кетуді өтінген. Сондай-ақ күдіктілердің біріне тиесілі калибрі 5,56 мм. «Вепрь» карабині, аңшылық жабдықтар алынды. Бұл жыл басынан СҚО-да тіркелген заңсыз аң аулаудың он бірінші фактісі.

-Сол факт бойынша ҚР ҚК 337 бабының 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің екеуі сол ауданда қорықшы болып жұмыс істеп келген екен. Екі адам қазіргі уақытта Есіл ауданының ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық іс бойынша сот сараптамалары тағайындалды- дейді Есіл ауданының ПБ бастығы Ерлік Есләмбеков.

Тағы да оқыңыздар: Бүгін-Халықаралық қарттар күні

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #заңсыз аң ату

Комментарии

Объявления
live comments feed...