• Главная
  • Енді бала туғанда берілетін жәрдемақы ІІ деңгейдегі банктер арқыл рәсімделеді
ЖӘРДЕМАҚЫ
09:35, 5 октября 2021 г.
Надежный источник

Енді бала туғанда берілетін жәрдемақы ІІ деңгейдегі банктер арқыл рәсімделеді

ЖӘРДЕМАҚЫ
Енді бала туғанда берілетін жәрдемақы ІІ деңгейдегі банктер арқыл рәсімделеді

Бала туғанда берілетін жәрдемақы мен бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемді екінші деңгейдегі банктер арқылы ресімдеуге болады. Пилоттық жобаға әзір екі банк қатысып отыр, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі baq.kz сілтеме жасап. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Әділет, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) мобильді қосымшалары арқылы «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау» және «Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау» мемлекеттік қызметтерін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды бастады. Жаңа сервис азаматтар үшін 5 қазаннан бастап қолжетімді болады.

Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы мемлекеттік қызметтерді алу ыңғайлылығы – бұл жеке ЭЦҚ-кілттерді пайдалану және қосымша ақпаратты енгізу қажеттілігінің болмауы.

Пилоттық жобаға Каспий Банкі мен Халық банкі қатысуда. Жәрдемақы немесе әлеуметтік төлем тағайындауды ресімдеу үшін осы банктердің бірінің мобильді қосымшасында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бөлімді табу, тиісті мемлекеттік қызметті таңдау және дербес деректерді өңдеуге келісімді растау қажет. Өтінімді жібергеннен және оны мемлекеттік орган тарапынан қарағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға оны қарау нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы PUSH-хабарлама және SMS жіберіледі.

Тағы да оқыңыздар:Матрица: СҚО қайтадан «қызыл» аймаққа өтті

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #жәрдемақы #жаңа сервис# мобильді қосымша

Комментарии

Объявления
live comments feed...