
СҚО ПД
15:35, 5 октября 2021 г.
Надежный источник
Полицейлер мал ұрлау фактісін әшкереледі
СҚО ПД

СҚО полицейлері мал ұрлығына қатысы бар үш күдіктіні ұстады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліментінше, 26 қыркүйекте Айыртау ауданыңдағы ауылдардың бірінің тұрғыны малын түгендеу кезінде үш қойының жоқ екенін байқаған. Шығын 150 мың теңгені құрады. Ол бірден учаскелік полиция инспекторына арызданып, оқиға орнына жедел-тергеу тобы келеді. Полицейлер ауыл тұрғындарын сұрастыра келе 2 күн бұрын ауыл маңында бөтен «ВАЗ-2115» көлігін байқағанын анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында үш күдікті анықталды. Олар көрші ауылдың 26, 22 және 18 жастағы тұрғындары болып шықты.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 3-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған малдар алынып, заңды иесіне қайтарылды.
– Мал ұрлау мәселесі өзекті болып қалуда, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев. – Жыл басынан облыста 27 мал ұрлығы тіркелді, оның 21-і бүгінгі күні ашылды. Айта кету керек, қылмыстың бұл түрінің ашылу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 95,5 пайызға артты. Мал ұрлығының алдын алу – жұмыстың маңызды бағыттарының бірі. Полиция қызметкерлері адамдарға мүліктерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау жөнінде шаралар қолдануға кеңес береді. Мал ұрлаушылар үшін “қолайлы” жағдай туғызатын еркін жайылымға жол бермеу қажет. Қаңғыбас малдың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жыл басынан полицейлер осындай 1864 құқық бұзушылықты анықтады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
День правовой помощи: жители Петропавловска получили бесплатные консультации
Защита от преступлений
19:19
Вчера
Незаконно переоборудованный автобус с лежаками вместо кресел обнаружили полицейские СКО
Закон и порядок
18:29
Вчера
17:51
Вчера
Депутаты маслихата СКО рассмотрели исполнение бюджета за 2025 год и ключевые направления развития региона
Соцэконом развитие
16:27
Вчера
Когда звучат песни — объединяются сердца: в Лебяжинском сельском округе СКО бережно хранят дружбу народов
Межэтническое согласие
15:44
Вчера
14:38
Вчера
12:13
Вчера
ТОП новости
Каждый пятидесятый знак с нарушениями: в СКО проверили состояние дорожной инфраструктуры
Общественная безопасность
В Петропавловске обсудили развитие здравоохранения региона с вице-министром отрасли Тимуром Султангазиевым
Здравоохранение
От колодцев к чистой воде: в двух сёлах СКО решена многолетняя проблема водоснабжения
Водоснабжение и водоотведение
Объявления
18:00, 23 июня
14:40, 22 июня
23
09:57, Вчера