• Главная
  • 5 қап Artemia salina шаянын заңсыз жолмен аулағандар ұсталды
СҚО ПД
15:14, 7 октября 2021 г.
Надежный источник

5 қап Artemia salina шаянын заңсыз жолмен аулағандар ұсталды

СҚО ПД
5 қап Artemia salina шаянын заңсыз жолмен аулағандар ұсталды

Облыста Artemia salina шаянын заңсыз аулағандар ұсталды.  Олар қызыл шаянның 5 қабын артып әкетпек болған, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстың жедел уәкілдері мен табиғатты қорғау полицейлері Мамлют ауданындағы Меңгесер көлінің жағасында Artemia salina-ны аулаған браконьерлерді көреді. Оқиға орнына келген аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы үш ер адамда аулауға рұқсат қағазының жоғын анықтады. Экологиялық қылмысқа қатысы бар күдіктілердің бірі - 37 жастағы Тайынша ауданының тұрғыны, сондай-ақ Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының 31 жастағы тұрғындары ұсталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қызыл шаян фармацевтика мен косметика өндірісінде қолданылады. Аса құнды шикізат болып есептеледі.

- «ВАЗ-21140» автокөлігі, аулауға арналған құралдар мен 5 қап биологиялық зат тәркіленді. Үлгілер сот-сараптамалық зерттеуге жіберілді. Оның нәтижесі бойынша облыс табиғатына келтірілген шығынның сомасы белгіленеді. Аудан аумағында ерекше қорғалатын табиғи аймақ - Мамлют қорығы орналасқан. Биоресурстарды қорғауға да ерекше көңіл бөлінеді. Экологиялық қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізіледі, - дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Пётр Климов.

Тағы да оқыңыздар: Елімізде коронавиурсқа қарсы ревакцинация қараша, желтоқсан айларында басталуы мүмкін



Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #шаян ұрлағандар ұсталды

Комментарии

Объявления
live comments feed...