• Главная
  • Министр бұйрығы: Вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді
ВАКЦИНАЦИЯ
14:10, 8 октября 2021 г.
Надежный источник

Министр бұйрығы: Вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді

ВАКЦИНАЦИЯ
 Министр бұйрығы: Вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді

ҚР Денсаулық сақтау министрі міндетті вакцинацияның жұмысқа жіберу шарты ретінде бекітті, деп хабарлайды 7152.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынуы (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек және скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға» толықтырулар енгізу туралы бұйрыққа қол қойды.

Құжат 17 қазаннан бастап күшіне енеді. Бұйрық бойынша коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін күндізгі режимдегі жұмысқа тек COVID-19-ға қарсы вакцина алған қызметкерлер жіберілетіні айтылған. Ал вакцина алмағандар ПТР тестілеудің теріс қорытындысы немесе тұрақты медициналық қарсы көрсетілім туралы, коронавиурспен ауырып жазылғанына 3 ай толмағаны туралы медициналық анықтама болған жағдайда ғана жұмысқа жіберілмек.

Тағы да оқыңыздар: Жалған вакцинация паспортын жасаған фельдшер сотталды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары#Петропавл жаңалықтары#вакцинация паспорты#КВИ
Последние новости
ТОП новости
Погреемся на солнышке бесплатно: в Петропавловске официально завершают отопительный сезон
Отопительный сезон
В Кызылжарском районе СКО 58-летний мужчина после утери советского паспорта жил и работал без документов
СКО
В селе Казанское СКО на заднем сиденье сгоревшего автомобиля обнаружен мужской труп
ЧП
Как министр культуры РК показал библиотекарям СКО «след» Алихана Букейханова в энциклопедии Брокгауза и Ефрона
День книги
Объявления